«Доллар ағашы» гүлінің күтімі қандай?

Oinet.kz 08-04-2020 4136

Замиокулькас — доллар ағашының ғылыми атауы. Доллар ағашы үй және кеңсе бөлмелерін көгалдандыратын және безендіретін танымал өсімдікке айналды. Бұл өсімдік өз иесіне байлық пен амандық шақырады. Ол аса ұқыпты күтімді қажет етпейді. Доллар ағашын жаңадан гүл өсіруді бастаушы және бұл өнерді үйренгісі келмейтін адам да өсіре алады.

Screenshot_2.jpg

Замиокулькас гүлі ароид тұқымдасына жатады. Ол бізге тропикалық Африкадан келді. Әдемі жасыл жапырақтарына байланысты халық арасында доллар ағашы атауы кең тараған. Ол қасиеті бойынша ақша ағашына ұқсайды. Бұл өсімдік ылғалды сабағының, жапырақтарының және тамырының ішіне жинап қойып, оны ары қарай қажеттілік туғанда қолданады. Соның себебінен, құрғақшылық кезеңде ұзақ өмір сүре алады.

Долллар ағашының жапырақтары өте әдемі әрі етті болып келеді. 1 жапырағында орташа есеппен 10 қауырсын (жапырақтағы сызықтар) болады. Гүлдің тамыры түйдектеліп (клубнеобразный) келген. Ағаштың биіктігі 1 метрді құрайды. Доллар ағашының ақша ағашынан айырмашылығы — ол гүлдеуі мүмкін. Үй жағдайында өте сирек гүлдейді.

Доллар ағашын дұрыс күту

Доллар ағашы артық зейінді қажет етпейді. Бұл өсімдікке ең қолайлы орын — шашыраңқы жарығы бар жер. Жазда доллар ағашы орналасқан құмыраны балконға немесе далаға қоюға болады. Қыста терезе алдындағы тақтайға әйнекке жақын қойған жөн. Шектен тыс суару мен жарық жетіспеушілігі гүлге қауіп келтіреді.

Жарық пен температура

Замиокулькас — қазіргі өсімдіктер дүниесінің көнбіс және төзімді өкілі. Алайда гүл қалыпты өсуі үшін кей шарттарды орындаған жөн. Оны оңтүстікке қарайтын терезе алдына қойған дұрыс. Жоғары температурадан қорқудың қажеті жоқ. Далада ауа температурасы 30 градусты көрсетіп тұрса, доллар ағашы өзін жақсы сезінеді. Қыста бөлме температурасы 18 градустан төмен болмағаны жақсы. Төмен температураларда замиокулькастің ауырып қалуы әбден мүмкін.

Гүл отырғызатын ыдыс пен топырақ

Доллар ағашы өзін борпылдақ, жұмсақ және ауа жібермейтін топырақта жақсы сезінеді. Мұндай топырақ өсімдіктің тамырлы жүйесіне қажетті мөлшерде ылғал мен оттектің жетуін қамтамасыз етеді. Топырақтың борпылдақ болуына керамзит қоспасы көмектеседі.

Тыңайту мен суару

Доллар ағашының үлкені де жасы да тығайту мен суаруды қажет етеді. Тыңайтуға ең қолайлы кезең наурыз айынан бастап күздің ортасына дейінгі уақыт жатады. Егер ағаш өспесе, оған ылғал жетіспейтіндігін білдіреді. Бұл өсімдік үшін көп суару зиян болғандықтан, оны суарудың уақыты келгенін қайдан білеміз? Гүл орналасқан топырақ толықтай құрғап кеткен кезде суарыңыз. Суарған кезде топырақ түбіне дейін ылғал болғанын қадағалаңыз. Өсімдіктің белсенді өсу кезінде энергия көп мөлшерде жұмсалады. Сондықтан оны екі аптада бір рет тыңайтып тұрған дұрыс. Қыс мезгілінде тыңайтуды тоқтатып, суаруды азайту керек.

«Әйел бақыты» гүлінің күтімі қандай?
Бөлме гүлі: фиалка немесе шегіргүл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу