Күнделікті зімбірді тұтынудың 5 себебі
Зімбірдің денсаулыққа пайдасы өте көп. Қазір коронавирус өршіп тұрған шақта оның ағзаға қандай пайдасы бар? Неліктен оны бәрі пайдалып жатыр? Нақты қалай әсер етеді? Сол жайлы білейік.
1. Иммунитетті артырады
Құрамындағы А және С дәруменінің көптігіне байланысты әрқилы вирустар мен инфекциядан қорғану мақсатында ағзаның иммунитетін артырады. Зімбірді қолданудың қарапайым тәсілі: үккіштен өткізіп шәйға қосып ішу. Немесе, дәруменді паста дайындаңыз. Ол үшін 400 г зімбір, 2-3 дана лимон және 250 г бал қажет болады. Зімбір мен лимонды үккіштен өткізіп, балмен араластырамыз. Дайын болған қоспаны шәйға қосып немесе өзің жесе болады.
2. Целлюлитпен күресуге көмектеседі
Үккіштен өткен зімбір скрабы қан айналымын жақсартады, жасушааралық кеңістіктегі сұйықтықтан арылтып және теріні кетіруге көмектеседі. Үгітілген зімбірді шырынымен және тұзбен араластырамыз. Дайын болған скрабты проблемалы аймаққа жағып, 10-15 минут қалдырамыз. Белгіленген уақыт өткесің скрабты жуып тастап, орнына крем жағамыз. Мұндай процедураны аптасына 3 рет қолданған дұрыс.
3. Ми жұмысын жақсартады
Зімбір тамыры мидың қартаюы мен өлуін баяулатады. Әрі Альцгеймер мен Паркинсон ауруларының алдын алып, есте сақтау қабілетін арттырады. Зімбір қосылған шәй мидің белсенділігін арттырады.
4. Бет терісін жақсартады
Беттегі безеулер, бөрітпе және әжімдер барлығына қарсы скраб, маскалар қолданылады. Ал олардың құрамында зімбір бар. Зімбір бет терісін тыныштандырып, емдейді әрі қатайтатын қасиетке ие.
5. Зат алмасуды реттейді және салмақ тастауға көмектеседі
Зімбір ағзадағы зат алмасуын реттеп, асқа деген тәбетті ашады. Зімбірді шәйға, айранға немесе суға қосып тамақтан бір сағат алдын ішіңіз. Бұл ағза үшін өте пайдалы.