Зімбір (имбирь): пайдасы мен зияны

Oinet.kz 02-04-2020 9460

Зімбір шығу тегі

Алғашында зімбір ресейде танымал болып, кейін жеткізу тоқталыпы, ол туралы халық ұмыта бастады. Қазірде Ресейлік зімбірдің атағы жер жарады, негізінен жапон тағамдарына дәстүрлі маринадталған қоспа түрінде белгілі. 

Негізі зімбірдің отаны Оңтүстік-Шығыс Азия, адамдарға 5 мың жылдан астам уақыт белгілі. Қазіргі таңда зіңбір Индия, Қытай, Аустралия және басқа да елдерде өсіріледі. Бір қызығы, зімбірдің жабайы түрі мүлдем кездескен емес.

unnamed (1).jpg

Зімбірді тек жеп қана қоймай, ақша бірлігі ретінде де қолданылды, өйткені зімбір өте қымбат болды. Әдетте оның тамырын кептірілген, жаңа піскен немес маринадталған түрінде жейді. Зімбірдің емдік қасиеттері көп және улану мен инфекциясы бар емделушілерге көрсетер көмегі көп. 

Зімбірдің пайдасы

Зімбірдің құрамында пайдалы дәрумендер, минералдар және эфир майы бар. Зімбірдің басты пайдасы тамақтан улану, жүрек айну және құсу кезінде таптырмас көмекші бола алғанында. Құрамындағы магнийдің көптігіне байланысты зімбір ағзаны шлактардан арылтып, соымен бірге жүйке жүйенің жағдайын жақсартады.

Зімбір қанның қоюлануына пайдалы, өйткені қанды сұйылтып және тамырлардағы қан айналымын жақсартады. Қанның ұйып қалу қаупін азайтады. 

Суық тигенде зімбір мұрынның бітелуін азайтып және С, В дәрумендерінің көптігіне байланысты ағзадағы иммунитетті арттырады. Тамыр құрамындағы алкалоидты гингерол бактерияға қарсы әсері бар болғасын ағзадағы жылу өндірісін жақсартады және салқын күйде қыздырады. 

Сонымен қатар, зімбір мигрени, артрит және бұлшықет ауырсынуын жеңілдетеді. Оның әйелдердегі мерзімді ауырсынуды жеңілдететін қасиеті бар.

Зімбірдің қабынуға қарсы қасиеттері бар және иммундық жүйені нығайтады. Егер сізде жағымсыз ауру сезілсе, бір стакан бал және лимон қосылған зімбір шайың дайындап, ішіңіз. 

Зімбірдің құрамындағы пайдалы заттар оның жаңа піскен түрінде жақсы сақталады. Кептірілгенінде аз мөлшерде болса, ал мұздатылған немесе маринадталған түрінде барлық пайдалы заттар жойылып кетеді. 

Зімбірдің зияны

Зімбірдің өткір тамыры асқазан мен ішектің шырышты қабығын тітіркендіреді, сондықтан асқазан жарасы, гастрит және геморройды зімбір емдеу өте қауіпті. 

Зімбір секрецияны күшейтіп, бауыр мен қттің қабынуына әсер етеді. Цирроз, гепатит және ағзадағы тастар сынды аурулармен ауыратын адамға зімбірді тұтыну тиімсіз. 

Егер сізде қатты қан кету жиі болса, қан қысымыңыз көтерілсе және жүрек ауруларымен ауырсаңыз, онда сізге зімбірді тұтынуға мүлдем болмайды. Зәмбір қан ағымын арттырып, жағдайды одан бетер ушықтырып алуыңыз мүмкін. 

Маринадталған зәмбір жаңа піскенге қарағанда пайдасы аз. Оның құрамындағы әрқилы қоспалар, тәттілер мен бояғыштар ағзадағы тұз мөлшерін арттырып, қан қысымын көтереді. 

Зімбірді қолдануға қарсы көрсетілімдер болмаса да, оны тұтынатын кезде өте сақ болыңыз және алғашында кішкене бөлшекпен жеп, ағзаны үйретіңіз. Сонымен қатар, басқа да препараттарды қолданып жатқанда зімбірді жеуге болмайды.

Әлемдегі ең үздік жаңалықтар сайты Топ-10
Күнделікті зімбірді тұтынудың 5 себебі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу