Беттегі безеуден қалай арыламыз?
Беттегі безеу... Кез-келген қыздың басында болатын жағымсыз проблемаға айналғалы қашан. Онымен күресіп, алдын-алу шараларын жасамаған қыз-келіншек жоқ шығар, турасында түрлі кремдер де пайдаланылып тасталды. Алайда, асқазан жұмысының көрінісі іспеттес, дұрыс өмір салтының болмауы да бет терісіне әсерін бермей қоймас. Десе де, косметологтардың пайымдауынша, салицил қышқылы, кептірілген қырықбуын тұнбасының да аталмыш проблемаға септігін тигізсе керек.
Ендеше, мынанда әдіске назар салып көріңіз:
Қызарып, безеу басып кететін майлы беттерді күтуге шыдам керек. Бетті күніне екі рет салицилды сабынмен сабындап, қайнаған салқындау сумен жуады да, кешкілік бетті кептіретін қырықбуын тұнбасымен сүртеді.
Ол үшін 1 ас қасық қырықбуынға 1 стақан салқын су құйып, 20 миинуттай қайнатқан соң сүзіп алу қажет.
Ал безеуді салицил спиртіне малынған мақта таяқшасымен сүртіңіз.
Іске сәт!