Тырнақ туралы не білеміз?

Oinet.kz 20-01-2020 2005

Тырнақ – адам ағзасында маңызды рөл атқаратын мүше. Тырнақ – түрлі мүйізгек жасушаларынан құралатын тығыз тілімше. Тырнақ жасушалардың бөлінуі арқылы өмір бойы өседі. Тәулігіне 0,1 милиметрге ұзарады. Уақыт өте келе тілімшенің өсу қарқыны айтарлықтай бәсеңдейді. 

Адамдар ертеден тырнақ күтіміне аса көңіл бөлген. Ғалымдардың айтуынша тырнақ өсіру біздің хаманымызға дейінгі 400 жылдары тарала бастапты. Ол кезде ақсүйектер әулеті ғана тырнағын өсірген. Ұзын тырнақ олардың байлығының мөлшерін білдірген екен. Бірақ, тырнақты тек әйелдер ғана емес, сонымен қатар еркектер де өсірген деседі. Қазба жұмыстары кезінде ежелгі Египетте осы күнгі тырнақ сәндеудің үлгілері табылған. Перғауынның әйелдері тырнақтарын алтынмен әшекейлесе, оның тәуелділері күміспен сәндеген екен. 

Screenshot_3.jpg 

Ұзын, әдемі тырнақ қашанда стиль мен сәннің символы болған. Қазіргі таңда кез келген іскер әйелді сәнді маникюрсіз елестету қиын. Бүгінде тырнақ өсірудің, сәндеудің түрлері көп. Сұлулық салонына бас сұға қалсаңыз қысқа тырнағыңызды әп-сәтте ұзартып береді. Медальдің екі жағы болатыны секілді жасанды тырнақ жасатудың пайдасы мен зияны қатар жүреді дейді мамандар. Алдымен тырнақ күтімі мен маникюрдің түрлеріне тоқталайық.

Тырнақ «операциясы»

Жасанды жолмен тырнақты гель немесе акрильдің көмегімен іске асырады. Гель – аллергенді тұстары аз материал, сондықтан гель жағып өсірілген тырнақ ыңғайлы. Алайда, ол тырнақты сындырып не зақымдап алсаңыз, барлығын түгелдей шешіп, қайтадан жасау керек. 

Нейлстилист алдымен тырнағыңызды ретке келтіріп, артығын алып тасайды. Яғни тырнақтың формасын шығарады. Сосын тырнаққа  гель жағылады. Оны арнайы аппаратта 1 минут кептіреді. Себебі  салонда лакты өздігінен кептіріп отыру көп уақытты талап етеді. Гельдің үстінен өзіңіз қалаған түстегі лак бояуы жағылып, тағы да құрылғыға қолыңызды салып кетпіресіз. Соңынан тағы да гель жағылып, кептіріледі. 

Гелмен өсірілген тырнақты алып тастауға болмайды, оны түгелдей үгіту керек. Ал, оны тек тырнақ әрлеу шебері ғана істей алады. Көп мамандар акрилмен жасанды тырнақ жасауды қолдайды. Өйткені, акрил бар болғаны ешқандай ықпалсыз, өздігінен қатып қалады және қосымша аспаптарды қажет етпейді. Акриль арнайы желіммен жабыстырылады. Акрилден жасалған тырнақты алып тастау анағұрлым оңай. Жасанды тырнақ өсіргеннен кейін өз тырнағыңыз жұқарып, әлсіз болып қалады. Жасанды тырнақты шешкен соң ерекше күтімді қажет етеді.  

Жасанды тырнақ өсіру зиян ба?
Беттегі безеуден қалай арыламыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу