Тырнақ аурулары және күтімі

Oinet.kz 20-01-2020 2756

Бір қарағанда жансыз көрінетін тырнақтың ауруы мүмкін бе деп ойлануыңыз мүмкін. Әрине. Тырнақ ауруының да бірнеше түрлері бар.  Мәселен, кебе (тырнақтың көтерілген еті, саусақтың көбеген терісі) екінің бірінде кездеседі десек те болады. Әдетте кебенің пайда болуына ағзаның құрғауы әсер етеді. Қолымыздың терісі жаз мезгілінде қатты құрғайды. Сондықтан тәулігіне суды қандай мөлшерде ішетініңізге мән беріңіз. Күніне 2-2,5 литр су ішіңіз. Бұдан өзге кебе ішегіміз ауырғанда пайда болады. Ішек ауырған кезде кутикулдың саулығын қамтамасыз ететін дәрумендер мен микроэлементтер бөлініп шықпайды. Мұндайда өз бетімізше ем-дом жүргізбей, бірден дәрігерге көрінгеніміз жөн. Кебелерді арнайы тістеуіктердің көмегімен кесіңіз. Оларды ешуақытта жұлып алуға болмайды. Жұлып алатын болсаңыз, теріңіз жараланып, қанға микробтар түседі. Қолыңызға крем мен түрлі май жағып тұрыңыз. Бұл үшін күнбағыс майы да жарайды.

20180814-nails-post.jpg

Кейде тырнағымыз сарғайып, ұсқынсыз күйге түседі. Мұның басты себебі – қышыма қотыр инфекциясы. Оны кетіру үшін түрлі зертханалық тәсілді қолданады. Аталған инфекцияны да дәрігердің көмегімен кетіргеніміз жөн. Бұдан өзге лак, ыдыс жуатын құрал және химиялық заттар тырнақты сарғайтады. Үй жағдайында мұндайды лимон шырынының көмегімен кетіруге болады. 

Тырнақтың қатпарлануы да алаңдатарлық жәйт. Әдетте ағзаға Д дәрумені мен кальций жетіспеген кезде болады. Олардың орнына уақтылы дәрумен қабылдау арқылы толықтыруға болады. Күнделікті қандай тағамдарды жейтініңізге де мән беріңіз. Балық, жаңғақ, ірімшік сынды тағамдарды көбірек жеңіз. Тырнақ ағзаға кремний жетіспеген кезде де қатпарлана бастайды. Кремний салат, банан, ақжелкен сынды тағамдардың құрамында болады. Тырнақ сыртқы агрессиялық факторлардың әсерінен де қатпарлануы мүмкін.

Тырнақты қай күні алған дұрыс?
Қандай жағдайда жасанды тырнақ жасатуға болмайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу