Тырнақты қай күні алған дұрыс?

Oinet.kz 20-01-2020 4265

Ел арасында тырнақ алуға болмайтын белгілі күндер бар деп жатады. Мысалы, сейсенбі, сәрсенбі күндері және түнде тырнақ алмаған дұрыс деп жатады білгіштер. Дін өкілдерінің айтуынша, тырнақты аптаның қай күні алса да болады. Бірақ жұма күні намазға дейінгі уақыт ішінде тырнақ алуды әдетке айналдыру – ұнамды амал екен. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  жұма күні намаздан бұрын тырнағын алып, мұртын қысқартатындығы хадистерде айтылған. 

Screenshot_1.jpg

Тырнақ астына қаншама микробтар мен кір жиналатындықтан, қажеттілік туындаған жағдайда қандай күн екеніне қарамастан алып отырған дұрыс. Мейлі сейсенбі, сәрсенбі болсын, тіпті түнде де тырнақ қиюға болады. Түнде тырнақ алмау деген, жарықтың жоқ кездері денеңді жарақаттап алмау үшін айтылса керек. 

Тағы бір ұнамды әрекет – алынған тырнақты көму. Тырнақ алу әдебі бойынша, әуелі оң қолдың сұқ саусағынан бастап, ретімен ортаңғы, аты жоқ және шынашақ, ең соңында басбармағының тырнағы алынады. Сол қолы шынашағынан бастап, ретімен басбармағының тырнағымен алумен аяқталады. 

Аяқ тырнақтарын оң аяғының кішкентай башпайынан бастап,  ретімен алады. Ал, сол аяғының тырнағын, керісінше, үлкен башпайынан бастап, кішкентай башпайынан аяқтайды.

Аяқ терлеудің ең оңай емі
Тырнақ аурулары және күтімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу