Балаңыз табысты болсын десеңіз

Oinet.kz 10-02-2020 1296

Бала тәрбиесі психология ғылымдарындағы үлкен саланың бірі. Ата-ананың баласына айтатын сөзі оның ертеңгі болашағына тікелей әсер етеді. Ендеше, анасы баласына қандай сөздерді айтуы керек?

75-1000x_.jpg

«Қиындық-сабақ»

Балаңызға өмірде болатын қиындықтар бұл жеңіліс емес, оның жігерін ұштайтын жаңа сабақ деп түсіндіріңіз.

«Әр қателіктен сабақ алуың керек»

Балаңыз бір қиын жағдайға тап болағанда, қателік жасағанда одан «қандай сабақ алдың?» деп сұраңыз. Сол жағдайды бірге талқылаңыз. Әр қателіктің бізге өмірлік сабақ екенін түсіңдіріңіз.

«Ештенеден қорықпа. Біз сені жақсы көреміз»

Өзіңіздің бала кезіңізді еске түсіріңіз. Махаббат пен қамқорлықты сезінгенде ешнәрседен қорықпайтын едіңіз, рас па? Бала үшін қауіпсіздікті сезіну маңызды. Ол ата-анасының қасында өзің бақытты, жайлы сезінуі керек. Бұл оған жеке тұлға, мінезі мықты болуына көмектеседі. 

Балаңызға ұйықтар алдында әркез «ештенеден қорықпа, біз сені жақсы көреміз» деп құлағыңа құйыңыз. Бұл сөздерді күлімсіреп, маңдайынан иіскеп айтатын болсаңыз, ол есейгенде сізге қамқор болады. Баланың әрекеті тек ата-ананың тәрбиесіне байланысты. Мұны ешқашан ұмытпаңыз.

«Мен саған сенемін»

Әр ана баласына сенетінің, оның қолынан  барлығы келетінін жиі айтып тұруы керек. Бала жастайынан өзіне сенімді болып өссе, бақытты, табысты болады. Бұған дәлел, айналамыздағы табысты жандардың сыры неде? Олардың ата-анасымен қарым-қатынасы қандай?

«Ешқашан жеңістен бас тартпа»

Егер бала бір байқауда жолы болмай, жеңіліп қалса оны сөгудің қажеті жоқ. Керісінше, оны әрмен қарай жігерлендіріп, шабыттандыру керек. «Сенің қолынан келеді», «жеңіске ұмтыл», «бір күні жемісін көресін» сынды мотивациялық сөздерді жиі айтып отырыңыз. Сонымен бірге өмірде кезіккен проблемалардың бәрі уақытша екенін,оны шешудің көп жолдары барын түсіндіріңіз.

«Біз тәжірибе арқылы үйренеміз»

Бала қиындықтар мен қателіктердің қалыпты нәрсе екенін түсіне білуі керек. Өмірдегі қателіктердің да бір пайдасы бар екенің түсіңдіріңіз.

«Әрбір табысты адам сен сияқты шәкірт болды»

Балаңызға әр миллионер, табысты адамның да өзі сияқты бала, шәкірт болғанын айтыңыз. Бала  қателесудің қалыпты жағдай екенің білуі керек. Мақсатқа жету жолында әртүрлі қиындықтарға дайындаңыз. Бақытты, табысты болғысы келсе, төзімді, мақсатқа берік болу керектігін айтыңыз. Түсіңдіріңіз.

Бастысы, оған ерекше махаббатпен қараңыз. Әркез қасынан табылуға тырысыңыз. Әңгімелескісі келген кезде «кейін» деп артқа шегіндірмеңіз. Жүрегіндегі сырларын сізге ашық айта алатындай дәрежеде онымен жақын болыңыз. Сол кезде ғана екеуара махаббат пен сыйластық нығая түсері анық.

Психологиялық тест: кілттің біреуін таңдап, мінезіңді анықта!
Жүкті әйелдерге арналған пайдалы кеңестер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу