Иммунитетті күшейтіп, жүйке жүйесін нығайтамыз
Бір стакан тазаланған грек жанғағын алыңыз. Және сонша көлемде бал, бір лимон. Жаңғақ дәнегі мен лимонды ұсақтап, оның үстіне бал құйыныз. Араластырып, тоңазытқышқа салып қоясыз. Күніне 1 ас қасықтан 3 рет, 2 апта қабылдайсыз.
Жүзімнің жаңадан сығылған шырының, 2 ас қасықтан ас алдында қабылдау. Өзіңізді жақсы сезінгенге дейін емді жалғастыру.
Бұл әдіс жақсы нәтиже береді. 200 мл сүт, 1 ас қасық бал, 0,5 ас қасық кепкен түймедақ (ромашка) гүлшоғы. Сүтке түймедақты бір қайнатып алып, сүзіп тастайсыз да, бал салып араластырып, кешкісін ұйықтар алдында ішіп аласыз.
Иммунитет деңгейін күшейту үшін, әсіресе еркектерге - асқабақ дәнегінің қоспасы. Сол үшін 0,5 стакан асқабақ дәнегіне 0,5 стакан сұйықтау балды құясыз да, 2 ас қасық коньяк қосасыз. Күнде танғысын аш асқазанға 1 ас қасықтан 3 апта бойы қабылдайсыз.