Бас ауруын дәрісіз емдеудің 8 тәсілі
04-04-2021
еріншектік
Бұл мақалада сіз:
- еріншектікті жеңу жолдарын;
- оның 3 тәсілін;
- еріншектікке қарсы мотивация түрлерін үйренесіз.
Еріншектік адам бойындағы жаман да, жақсы да қасиет. Иә, кейде еріну де біздің денсаулығымызға аса пайдалы екен. Дер кезінде демала білген адам толыққанды өмір иесі. Десе де, кейде еріншектік адамды құрдымға жетелейді. Өмірін бос өткізетін адамды Алла да сүймесе керек. Асыра сілтесе, жалқаулық жаман ауру.
Адам бойындағы жалқаулықтың басты себебі алдына қойған мақсатының жоқтығы, ерік-жігерінің әлсіздігі болып табылады. Мақсатсыз өмір голсыз футбол ойыны секілді, ал голлсыз футбол бар құмарлығынан айырылады.
Нейролингвистикалық бағдарлама жасаушылардың бірі Джон Гриндер айтқандай: "Адамдардың көпшілігі не қалайтынын білмейді, тек білетіндері қазір өздеріндегі бардың олар қалаған дүние емес екендігі".
Өмір заңдылығы мынадай: «Біздің санамыз не ойласа, сол жүзеге асады». Егер де біз не қалайтынымызды білмесек, онда біз қаламаған нәрсе жүзеге асады.
Өзіңіздің не қалайтыныңызды білу өте маңызды. Егер расымен де өзіңіздің ішкі қалауларыңызбен таныс болғыңыз келсе, бір қағазды алып, ішкі қажеттіліктеріңізді жаза бастаңыз. Сіздің де мақсаттарыңыз бар. Тек сіз олармен бетке келмейсіз. Олар да тиісінше ұмыт қалады.
«Мәселен» техникасы
Психолог Мишель Мажуайоның айтуынша адам өз-өзімен диологқа түсуі шарт. Диологта міндетті түрде мәселен сөзі қолданылуы қажет.
- Сен мәселен қандай жұмысты армандайсың?
- Үнемі қозғалыста болатын.
- Мәселен, сен қозғалысты қалай елестетесің? .... тағысын тағы...
«Мақсатқа деген 7 қадам» техникасы
1-қадам. Мақсатқа жетудің нақты критерийлерін белгілеңіз.
2-қадам. Сұрақ құнын анықтаңыз.
3-қадам. Мақсатқа жету күнін белгілеңіз.
4-қадам. Қиындықтарға талдау жасаңыз.
5-қадам. Символдық марапатты табыңыз.
6-қадам. Өзіңізбен жазбаша шарт жасасыңыз.
7-қадам. Күн сайын жасасқан шартты дауыстап оқыңыз.
«Мен нені қаламаймын?» техникасы
Адамға өзі сескенетін, қорқатын жайттардан аулақ болған жөн. Олардан аулақ болу үшін ол өз қорқыныш, үрейлерімен таныс болуы керек. Ол да жоғарыда айтылған мысал секілді жұмыс жасайды. Қолыңызға ақ қағаз алып, өзіңіз өаламайтын заттар мен жайттарды жазыңыз. Оны дауыстап оқыңыз. Оларды жеңудің ең оңай/қиын жолы ұмтылыс. Қорқынышты жеңуге деген, еріншектікпен күресуге деген ұмтылыс.
Жалпы сізді енріншектіктен арылтамын деген қайсы адамға болсын сенбеңіз. Өзіңіздегі бұл індетті жеңетін өзіңіз ғана.