Жылдам әзірленетін ботқалар. Пайдасы мен зияны

Oinet.kz 29-11-2019 1646

Артық уақытсыз, тез арада  дайын болатын ботқа кез-келген үй шаруасындағы әйелдер үшін керемет олжа екені анық. Жылдам әрі оңай оңай, арзан және дәмді. 

ботқа.jpg

Ендеше, ботқаны пісіру уақытын салыстырып көрейік:

Қарапайым ботқа - 15-40 минут (жарма түріне байланысты)

Жылдам әзірленетін ботқа 1-5 минут.

Бұл дәнді дақылдардың сиқырлы болғаны соншалық, пісіру уақыты 5-10 есе қысқарады, неге?

Тез дайындалу әсеріне астықты қосымша өңдеп, оларды дәнді дақыл сатысына шығару арқылы қол жеткізіледі.

Дәндер қабықтан тазартылады, жылтыратылады, ұсақталады, жоғары қысыммен және бумен өңделеді.

Ондай өңдеуден кейін олардың құрамында пайдалы аздаған химиялық қосылыстар және көптеп крахмал қалады, олар тез сіңіп, қантқа айналады. Сондықтан жүйелі түрде қолданған кезде тез пісетін ботқалар қант диабеті мен семіздіктің дамуына әкелуі мүмкін.

Осындай астықты өңдеу кезінде біз неден айырыламыз?

Негізгі пайдалы заттар - бұл арнайы тағамдық талшық - бета-глюкандар, олар еріген кезде холестеринді байланыстыратын тұтқыр массаға айналады, бұл жүрек ауруының қаупін азайтады. Бета-глюканнан басқа аминқышқылдардан, талшықтар, дәрумендер мен минералдар тұрады.

Өндірушілер жеміс кусоктарын кәдімгі алмамен алмастырады. Олар бояғыштар мен хош иістердің көмегімен басқа жемістерге оңай айналады. Бұл химиялық қоспалар бүкіл ағзаға теріс әсер етеді.

E E240, E-121, E-123 белгіленген консерванттардан сақтаныңыз. Бұл қоспалар ең зиянды, онкологиялық ісіктердің пайда болуында үлкен рөл атқарады.

Құны !!!

Кәдімгі жармалар тез дайындалатын кашаларға қарағанда арзан тұрады.

Мұндай кашаларды сирек қолдану, мүлдем қолданбау ұсынылады. Олар кәдімгі пісірілген үй кашасының орнын баса алмайды.

Мақсатқа жеткіңіз келсе...
Еріншектікпен бітпейтін арпалыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу