«Қабылдадым» - Айжұлдыз Адайбекова (видео)
25-10-2021
Адамдар стресске түскенде өз эмоциясымен жұмыс істеудің орнына ашуланып, қобалжып, не істеп не қойғанын білмей жатады. Егер де кенеттен қалыпты көңіл-күйден ауытқып мазаңыз болмаса, біз сізге күйзелістен тез арада арылудың жолдарын ұсынамыз.
Су
Бірнеше жұтым су сіздің өз қалпыңызға келу үшін жеткілікті. Қандай да бір ауыр ойдан арылу үшін ванна немесе душ қабылдаңыз. Жеңілдеп қаласыз.
Таза ауа
Терең демалып, процесті бақылауға алыңыз. Жаман, ауыр ойлардан арылып, бойыңыздағы қан оттегімен тазарады. Таза ауамен серуендеп қайтыңыз.
Белсенділік танытыңыз
Белгілі бір істе белсенді болыңыз. Мысалы, үйге толықтай тазалау жұмыстарын жасау, кір жуу, физикалық жаттығулар, бөлме жиһаздарының орнын ауыстыру. Ойыңыздағы істі жақсы атқарсаңыз, көңіліңіз жайланып сала береді.
Күліңіз
Барлығымызға белгілі, күлкі – ең пайдалы дәрумен. Сіз жақтырмайтын нәрселер мен негативтерді сырттай бақылаңыз және оларға күліп қарауға тырысыңыз. Бұл әдіс көмектеспесе, комедия жанрндағы фильмдерді тамашалаңыз.
Жылап алыңыз
Сіз жылаған сәтте, ішіңіздегі сіздің көңіл күйіңізді құртып тұрған түйін шешіледі. Босаңсып, жеңілдеп қаласыз. Ал өз еркіңізбен жылай алмасаңыз трагедия жарндағы фильдерді қараңыз.
Өзіңізге ұрсып алыңыз
Күйзеліске түскен сәтте, өз-өзіңізбен қалып сөйлесіңіз. Өзіңізге ұрсыңыз, айқайлаңыз. Сонда тез өзіңізге келесіз.
Қашыңыз
Сізді күйзеліске ұшыратқан, ашуыңызға тиген ортадан қашыңыз. Бірден сыртөа шығып кетіңіз. Себебі, ортаңызға, әріптестеріңізге қатты сөздер айтып қоюыңыз мүмкін.