Баланы темекі шегуден қалай аулақ ұстауға болады?
1. Әке-шешесі өздері темекі шекпей, үлгі бола білуі керек.
Әке-шешесітемекі тартатын балалардың, темекіге деген әуестігі ата-анасы темекі шекпейтіндерге қарағанда үш есе көп екен.
Дю.Хюгоның айтқанындай: «Егер, өзіңіз темекі шегіп, балаңызға темекі шекпе десеңіз, оның ешқандай пайдасы болмасына көз жеткізе беріңіз
2. Темекінің не екенін өзге емес, өзіңіз түсіндіріңіз.
«Бала 3-4 жасынан бастап, темекінің зияндылығы ацындабіле білгендігі дұрыс. Егер сіз балаңыздың жоғарғы сыныпқа келуін күтсеңіз, онда кешігесіз» /М.Хоган/
3. Біреу темекі ұсынса, ондайда не істеу керектігін алдын ала үйретіңіз.
Др.Клейн: «Егер бала ондай жағдайда алдын-ала қалай жауап беру керектігін білсе, оның оның ұсынылған темекені алмай қою ықтималдығы күшейеді»дейді.
4. Аз уақыттың ішінде-ақ темекінің мынадай зияндылықтарға себеп болатындығын түсіндіріңіз:
- Темекі шеккіштің киімі де темекі сасып жүреді.
- Тістері мен тырнақтары сарғаяды
- Демікпеге себеп болады
- Бойдағы күшті азайтады
- Темекі үшін бір аптада жұмсайтын ақшаға өзіне керекті қаншамазаттар ала алатындығын түсіндірпу
5. Әр таңдаудың бір нәтижесі болатындығын оған үйретіңіз
Егер , өз қалауымен сізге көнбей, сөз тыңдамаса, онда әрине болашағы үшін оны жазалауға тура келеді.