Шағын бизнеске арналған 100 жоба

Oinet.kz 24-10-2019 5309

Screenshot_1.jpg

Жас кәсіпкер атанғысы келетіндерге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамасын жарыққа шығарды. Ақшыл сары түсті қалың кітап ауыл шаруашылық бағытында бизнес бастаймын деген азаматқа жол сілтеуші бола алады. Бұл кітаптың ерекшелігі – қажет ақпараттың барлығы тап-тинақтай етіп оқырманға берілуі. Ауыл шаруашылық саласында елімізде бәсекелестіктің дамымағанын есеп ала отырып, кәсіпкер боламын деген жастардың бұл салаға назар аударуына кеңес береміз. Бұл арқылы сіз нәпақаңызды тауып қана қоймай, отандық өнімнің де көбеюіне атсалысатыныңызды ұмытпағайсыз.

Жас кәсіпкер атану оңай

Ал, дәл қазір өз ісіңізді бастауға деген қызығушылық бойыңызда оянса, «Атамекеннің» ұйымдастырып жатқан «Жас кәсіпкер» мен «Бизнес бастау» жобаларына қатысуға кеңес береміз. Бұл жобалардың артықшылығы, сізге берер пайдасы – жас кәсіпкерге қажет барлық мағлұматты, білімді сізге 21 күн ішінде береді. Ақысыз негізде сіз тәжірибелі бизнес-тренерлерден сабақ аласыз. Білімге ден қойғаныңыз үшін шәкіртақы да аласыз. Онымен қоймай, бизнес-жоба дайындап үйренесіз. Арнайы сертификатқа ие боласыз. Егер де бизнес-жобаңызды жақсы қорғап шықсаңыз (комиссия алдында) ойыңызды жүзеге асыруға мемлекеттен 505 000 теңге көлемінде көмек аласыз. Бұл қарызға берілген сома емес. Мемлекеттің бизнесіңізді қолдауға берген қайтарымсыз қаражаты. Егер де үш ай көлемінде сәтсіздікке ұшырап жатсаңыз, ештеңе жоғалтпайсыз. Өзіңізге қажет үлкен тәжірибе жинақтайсыз.

Жобаларға қатысу үшін екі-ақ құжат өткізесіз. Олар жеке куәлік көшірмесі мен мекенжай анықтамасы.

«Жас кәсіпкер» жобасына қатысыңыз

Талаптар мынадай:

Жасыңыз 18 жастан 29 жасқа дейін болса;

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан болсаңыз;

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер болсаңыз;

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жас кәсіпкер/ фрилансер болсаңыз.

«Бизнес бастауға» қатысыңыз

Ал егер жасыңыз 29-дан асып кетсе, алаңдамаңыз. «Бизнес бастау» бағдарламасына қатысушыларға жас мөлшері бойынша шектеу қойылмайды. Ал, жалпы талаптар тура жоғарыда атап көрсетілгендей.

Егер де қосымша сұрақтарыңыз туындаса, «Атамекеннің» ыстық желісіне 1432-ге қоңырау шалсаңыз болады.

Арнайы ұсынылатын 100 идея:

Тұрмыстық заттар және құрылыс заттары

Металды ағаш дайындау

ПВА желім өндірісі

Металл тақтай өндірісі

Ас үй жиһазын тапсырыспен дайындау өндірісі

Керме төбелер өндірісі

Кеңселік жиһаз дайындау өндірісі

Пластикалық терезе дайындау

Резеңке өндірісі

Пенобетон өндірісі

Хош иісті сабын өндірісі

ПВХ қапталған мақтадан жасалған қолғап өндірісі

Рабицалық тор өндірісі бойынша кәсіптік одақ

Сәндік үгінділер

Шлакоблок өндірісі

Сәнді перделерді дизайн бойынша пішу және тігу ательесі

Жалюз өндірісі

Дәретхана қағазы өндірісі

Жұмсақ жиһаз өндірісі

Қағаз майлық өндірісі

Көмір брикеті өндірісі

Арнайы жұмыс киімдер өндірісі

Құрылыстық шеге өндірісі

Багет шеберханасы

Үй жағдайындағы шам өндірісі

Азық-түлік өнімдер өндірісі

Наннан жасалған классикалық квас өндірісі

Макарон өнімдер өндірісі

Шағын наубайхана

Күнбағыс халва өндірісі

Сүзбе өндірісі бойынша шағын завод

Қуырылған пісте өндірісі

Консервіленген қияр

Сүрленген ет өндірісі

Құрғатылған жеміс өндірісі

Тұшпара өндірісі

Ірімшік өндірісі бойынша шағын цех ұйымы

Өсімдік шаруашылығы

Пияз өсіру

Қауын өсіру

Картоп өсіру

Қант қызылшасын өсіру

Жүзім өсіру

Алма бағын өсіру

Мақта өсіру

Жүгері өсіру

Өрік өсіру

Таңқурай өсіру

Саңырауқұлақ өсіру

Жарма сұлысын өсіру

Жылыжайда лимон өсіру

Қызанақ және қияр өсіру

Соя өсіру

Күнбағыс өсіру

Бидай өсіру

Түсті қырыққабат, брокколи, латук салатын өсіру

Шалғам өсіру

Асқабақ өсіру

Сәбіз өсіру

Пиязды көкке отырғызу

Қара өрік өсіру

Күрішті 50 га аймаққа отырғызу

Жібек өндірісі

Жібек құртын өсіру

Үндік өсіру

Ауыл шаруашылығы

Қой шаруашылығы

Асыл тұқымды жылқыларды өсіру

Түйеқұс өсіру

Ара шаруашылығы

Құс фирмасы

Бөденені асылдандыру

Қояндарды асылдандыру

Ақ амур өсіру

Ветеринарлық орталық

Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өндіру

Жарма өндірісі

Күнбағысты сұйық майға айналдыру өндірісі

Қой терісін бірінші реттік өңдеу ұйымы

Ұн өндірісі

Балмұздақ сату

Сафлор пістесінен сұйық май өндіру бойынша шағын цех

 Халыққа қызмет көрсету

Химиялық тазарту кәсіпорны

Жекеменшік балабақша

Компьютерлік қызметтер

Көшу кезінде жүк тасу қызметі

Ағылшын тілін оқыту орталығы

«ФАСТ ЭНД ШАЙН» франшиза мобильдік тазалау қызметі

Клинингтік қызметтер

Аяқ-киім жөндеу

Төлемді қабылдау бөлімдер ұйымы

Үй жабдықтары сататын дүкен ашу

Полиграфия

Заманауи қоғамдық монша

Көлік жуу

Антикафе ашу

Велосипедті жалға беру қызметі

Құлыптар даярлау және жөндеу

Құмыра жасау ісі

Мобильді тасымалдау қызметі

Ақша айырбастау бөлімдер ұйымы

Үстел теннис ұйымы

Пейнбол клубы

Киімдерді өңдеу және тігу ательесін ашу

Жол бойындағы кафе ашу

Жаттығу залы

Ісіңізге сәттілік тілейміз!

Дайындаған: Жазира Байдалы

дереккөз: balbal.kz

Мен дайынмын ба?
Баланы темекі шегуден қалай аулақ ұстауға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу