40-тан кейінгі махаббат: неден қорқуға, нені күтуге болады?

Oinet.kz 15-10-2019 2221

Podobny obraz

Әйгілі поэт Пушкиннің «любви все возрасты покорны» фразасын жазған уағында оның жасы әлі 30-ға келмеген де еді.

40-тан кейінгі махаббаттан бәрі сескенеді. Тіпті кейбір адамдар бұл жастан кейін гармондар әлсірей бастаған себептен, махаббат жас шағындағыдай алып-ұшқан сезімге ұласа алмайтынына сенеді.

Не кедергі?

Өткеннің негативті жүгі кедергі келтіруі мүмкін. Әрине, 40 жасқа келген адамның бұрын қарым-қатынаста болғаны, некеде болғаны белгілі. (немесе некеде тұратыны) Сондықтан бұл адамға қарым-қатынасқа түсу әлдеқайда қиынырақ. Жастық шағында ол махаббатты басқаша қабылдады. Махаббат, қол ұстасу, үйлену, балалы болу, қартайғанға дейін бір жастықта қартаю... иә, оның ойында осыдан басқа ешнәрсе болған жоқ. Ал 40 жасқа келіп те, осындай пәк ойдың жетегінде жүрген адамды аз кездестіресіз. Оның себебі, ол ендігі өмірдің ащысын да, тұщысын да көрді. Ол отбасының қандай болатынын біледі, өмірдің шындықтарына тіке қарап үйренді. Енді ол адамды ұнатқан сәтінде ес-түссіз ғашық болудан сескенетіні анық.

Орта жастан асқан соң махатыңды қалай кездестіруге болады?

  • Егер сіз белсенді адам болсаңыз, сізде мұндай сұрақ туындамас еді. Демек сізде өзіңізге де таңсық бірқатар комплекстеріңіз бар.

  • Сізге көпшілік ортада көбірек болуы қажет. Мәселен би залында, конференция, тренинг, спортзал секілді орындар біршама адамдармен танысуға мүмкіндік тудыруы мүмкін.

  • Жай ғана көшеде жүргенде, кафеде отырғанда, кітапханада отырғанда адамдармен ашық болыңыз.

  • Көбірек саяхатқа шығыңыз. Шетелдерге болмаса да алыс-жақын қалаларда болыңыз.

  • Қазақта не көп, той көп емес пе? Міне! Той сіздің керемет мүмкіндігіңіз. Тойда адамдар міз-мәйрәм, көңіл көтеру үшін барады. Мүмкін сіз де өз махаббатыңызды осындай жиындардан кездестірерсіз.

40 жылдан кейін махаббат сіздің өміріңізді жарқын бояулармен толтырады. Ол ұзақ уақыт сақталған шарап секілді.  Орта жастағы қарым-қатынасты бастаған ер және әйел, әдетте, өмірінің соңына дейін бірге тұрады.

Олар бірін-біріне жас кезіндегісіне қарағанда сенімдірек болады, себебі олар ендігі жерде өздеріне қандай адам керектігін біледі. Және де 40-тан кейінгі жаста адам ажырата білмеу де ғажайып болса керек.

40 жастан асқан ер адам үшін әйелдің өзіндік ойы болғаны, мейірімді, ақылды, өмірге деген көзқарасы, өзін-өзі қамти алатыны ұнауы мүмкін.

40 жастан асқан әйел адамына ол ер адамынан тек адалдық пен жылулық күтеді.

Енді ойлап көріңізші жастық шақта бәрі де өзгеше еді, енді қайта керісінше.

40-тан кейінгі махаббат - бұл шынайы махаббат. Бұл жаңаланған екінші жастық шақ. Ол шабыт, күш пен үміт береді. Мұнда елес иллюзиялар мен ықтимал мүмкіндіктерге орын жоқ.

Сәбилерді қыттықтап отыру керек
Айына ауылдағы еркек, қаладағы еркек қанша ақша табу керектігі белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу