Сәбилерді қыттықтап отыру керек

Oinet.kz 15-10-2019 1031

Podobny obraz

Ғалымдар қытықтаған кезде адамның шошынуы немесе қорқуы табиғи құбылыс екенін, ол біздің бойымызға ата-бабамыздан қан арқылы келгенін айтқан. Бұл қабілет оларға жәндіктерден қорғануға мүмкіндік берген. Сонымен қатар, ғалымдар қытықтаған кезде адамдардың бірдей жауап қататынын аңғарған. Бірақ, күлкінің ұзақтығы олардың терілерінің сезімталдығымен байланысты. Әсіресе, балалардың терілері 5 есе нәзік әрі жұқа болғандықтан, олар өте сезімтал келеді. Жаңа туған балаларды кейде қытықтап отыру керек. Өйткені, күлкі рефлексін қалыптастырады. Осылайша, ол күлуді үйренеді.  Қытықтау жүйке жүйесіне үлкен күш түсіреді, ал күлкі сол күшті әлсіретеді деген болжам да бар. Сондықтан, қытықтаған кезде адам еріксіз күліп, жүйке жүйесінің жұмысын жеңілдетеді. Ал сіз білесіз бе, көне Шығыста қытыққа қатал тыйым салған уақыттар болған. Себебі қытықтау күнә жасауға итермелеуі мүмкін деген.

Биік өкше көптеген ауруларға себеп
40-тан кейінгі махаббат: неден қорқуға, нені күтуге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу