«7-20-25» бойынша Қарағандыда 3500 пәтер пайдалануға беріледі

Oinet.kz 24-02-2019 1361

c9026c8a0dd829752a4370da4497cfb7.jpg

«7-20-25» бағдарламасы аясында аймақта алдағы үш жылда 3500-ге тарта пәтер салынады. Оның 1100-і биыл пайдалануға беріледі. Бұл жайында облыс әкімі Ерлан Қошанов халық алдындағы есебінде мәлімдеді.

Қарағанды облысының әкімі халықпен есептік кездесуі барасында аймақтағы тұрғын үй шаруашылығы мәселесінің қалай шешіліп жатқанына тоқталды.

«Өткен жылы облыс бойынша 417 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – 4135 пәтер. Алдынғы жылмен салыстырғанда 11,2 % көп. Осы жылы 440 шаршы метр тұрғын үй пайдалуға беруді жоспарлаймыз. Кезекте тұрғандардың арасынан әлеуметтік аз қамтылған 1100-ден астам отбасыға пәтер беру көзделіп отыр. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп», - деді Ерлан Қошанов.

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қарағанды қаласының әкімдігі жанынан арнайы бөлім құрылған. Бөлімнің мамандары аталған бағдарламаға қатысты кез келген сұрақтарға жауап береді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша жекеменшік құрылыс компанияларымен және банктермен жұмыс жүргізілді. Олардың тарапынан үлкен қызығушылық бар. Алдағы үш жылда 3500-ге тарта пәтер салынады. Оның 1100-і биыл пайдалануға беріледі. Облыс бюджеті есебінен бастапқы жарнаны субсидиялауға 1 млрд теңге қаржы бөлдік. Тұрғын үй сертификаттарын мыңға тарта отбасы алатын болады. Қалалық әкімдікте «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы жайлы күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізетін бөлім құрылған. «7-20-25 бағдарламасы бойынша әзірге облыс орталығында ғана белсенділік байқалып отыр. Біздің міндетіміз бағдарлама қамтитын аймақты үлкейту. Оның ішінде Теміртау, Жезқазған, Балқаш сияқты үлкен қалаларды қамту қажет», - деді өңір басшысы.

«Риддер-Астана» пойызы қайта Шар станциясы арқылы жүруі мүмкін
Теңгенің банкноттары мен монеталары тек мемлекеттік тілде жазылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу