Уақыт елде АЭС салуды қажет етіп тұр

Oinet.kz 16-09-2024 71

Ел Президентінің биыл 2 қыркүйекте жариялаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді түсіндіруге байланысты облыстық штаб мүшелері әр ауданда, мекемелерде кездесулер өткізуде. Осындай басқосудың бірі – Түлкібас аудандық аудандық орталық кітапханасында өтті.

Screenshot_16.jpg

Жиында Түлкібас аудандық мәслихатының төрағасы Х.Байысбаев елімізде атом стансасын салу уақыт талабы екенін айта келіп, қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән берілетінін атап өтті. Мәселен, көптеген тұрғындарды атом салдарынан Балқаш көлінің тартылып кетуі немесе ластану мәселесі алаңдатып отыр екен. Бірақ, Х.Байысбаев: «Бұл жерде жағдайды кенірек түсінген дұрыс. Аталған жағдайдың Балқаш көліне әсері болмайды. Атом стансасына арналып су айдыны әзірленіп, залалды заттарды тазалап отыратын арнайы орындар да қамтылады. Халыққа зардабы келмейтіндей жолдары карастырылып, қауіпсіздік жағы басты назарда болады», - деді.

Қазір біз әлемді АЭС-ы барлар және АЭС-ы жоқтар деп екіге бөліп қарайтын болдық. Уақыт соған жеткізді. Атом энергиясын қолдану тәуелсіздік алғалы арагідік айтылып қалушы еді. Тіпті бірқатар алғышарт та жасалды. Курчатовта, Алматыда, Ақтауда реакторлардың іске қосылуы – соның дәлелі. Бірақ мәселе Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келгеннен кейін белсенді қозғала бастады. Мемлекет басшысы энергия тапшылығы алқымнан алғалы тұрған шақта атомсыз алға жылжудың мүмкін еместігін айтты. Кәнігі сарапшылар да кәсіби дәлел келтірді. Әлем тәжірибесіне үңілсек те, атом туралы әңгіменің бекер айтылмағанын бағамдаймыз.

Оңтүстік Корея 2038 жылға дейін 6 жаңа реакторды іске қосу¬ды жоспарлап отырған көрінеді. Е묬де қазір 23 энергоблок жұмыс іс¬тей¬ді және олар бүкіл электр энергиясының үштен бір бөлігін өн¬ді¬ре¬ді. Сонымен қатар атом энер¬г嬬ти¬касы тариф өсімін де шек¬тей алып отыр дейді кәріс шенді¬лері. Егер осы күнге дейін көмір ар¬қылы энер¬гия тұтынып отыр¬ған болса баға қазір¬гіден 17 есе қым¬бат болады екен. Францияда да жақын арада осыншама реактор салынбақ. Бұл елде атом энергетикасын дамыту 100 мыңға дейін жұмыс орнын құруға жол ашады. Ядролық энергия өндіруден көшбасшы саналатын Францияда қазір 50-ден аса реактор жұмыс істеп тұр. Жалпы алғанда, атом электр стансасын салу және пайдалану мынадай игіліктерді туындатады: яғни, Тікелей және аралас салаларда бірнеше мың жұмыс орны ашылады; Ауаға таралатын зиянды зат мөлшері азаяды; Электр энергиясы бұрын¬ғыдан да қолжетімді бола түседі; Әлеуметтік лифт күшейеді; Реактор маңайындағы елді мекендердің инфрақұрылымы жақсара түседі.

Мұнан соң сөз алған Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Шерзод Раманқұлов жаңа Жолдаудың елді дамуға бастайтын нақты құжат екенін айта келіп, Президенттің ұтымды шешімдеріне тоқталды. Ол: «Мемлекет басшысының Жолдауында: «Үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту керек. Инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру кажет. Мұндай қадам әр саладағы инновацияға серпін береді» деді. Білім жүйесін дамытудың да нақты жолдары айтылды. Сондыктан, мемлекеттің мүддесі тұрғындардың жағдайын жақсарту. Демек, халық өзінің құқығын пайдаланып, референдумға баруы қажет. Сіздерді елдің дамуына үлес қосуға шақырамын», - деді ол. 

Штаб мүшелері тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да жан-жақты жауап берді.

АЭС – болашақ энергия көзі
АЭС елді энергетикалық тәуелділіктен құтқарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу