Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Түркістан өңірінде АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штабтың сайлаушылармен кездесуі жалғасын табуда. Бұл күні Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Айтуар Қошмамбетов Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесті.
Басқосуда штаб өкілдері өңірімізге арнайы келген халық қалаулылары атом электр станцияларын пайдалану жаңартылган энергия көздерінен айтарлықтай артықшылығы бар екенін жеткізді. Олардың пайымдауынша, ЖЭК-ті дамыту өзіне тән энергетикалық стратегиясының маңызды бөлігі ретінде қарастырылганымен, ол атом электр станцияларындай әркашан тиімді емес. Бұл ретте күн және жел электр станциялары сияқты жанартылатын энергия көздері табиғи жағдайларға тікелей байланысты әрі энергияның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін энергияны сақтау технологияларына елеулі инвестицияларды талап етеді.
- Атом электр станциялары тұрақты және болжамды электр энергиясын өндіруге қабілетті. Бұл әсіресе, өнеркәсіп пен ірі қалалар үшін аса маңызды. Сонымен қатар, уранның үлкен қорына ие Қазақстан көміртегі шығарындыларын барынша азайта отырып, энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімді және экологиялық таза тәсілі ретінде атом электр станцияларын пайдалана алады. Осылайша, елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздері мен атом электр станцияларын дамытуды біріктіру оңтайлы стратегия болмақ, - деді Мұқаш Зұлқарнайұлы.
Ал, Айтуар Асқарұлының айтуынша, қазірдің өзінде Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті ішінара зерттелген. Біздің елде күн, жел және су энергетикасын дамыту үшін айтарлықтай ресурстар бар. «Мәселен, Жоңғар қақпасы мен 19 Шелек дәлізі аймақтарының жел энергиясының әлеуеті жоғары. Ал, еліміздің оңтүстік өңірлері күн станциялары үшін өте қолайлы. Дегенмен, жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдалану үшін осы көздерді ұлттық энергетикалық жүйеге, соның ішінде энергия сақтау технологияларын, инфрақұрылымдық шешімдерді және желілік теңгерімдеуді біріктіру саласында қосымша зерттеулер қажет. Сондай- ақ, еліміздің әртүрлі аймақтарында жаңартылатын энергия көздерін енгізудің экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктері мен олардың Қазақстанның энергетикалық кауіпсіздігіне әсерін зерттеу айрықша маңызға ие. Осы аспектілерді егжей-тегжейлі қарастыру жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды неғұрлым тұрақты және экономикалық тиімді етеді», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты.
Мұнан соң, Түлкібас ауданындағы ірі кәсіпорын жұмысшыларымен жүздескен штаб мүшелері бірқатар манызды мәселелерді шешу үшін АЭС қажеттігін түсіндірді. Олардың сөздерінше, бұл кадам ең алдымен, парниктік газдар шығарындыларын азайтып, атом электр станциялары көмірқышқыл газын және баска парниктік газдарды шығармай, климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі. Бұдан бөлек, энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, импорттық энергия ресурстарына тәуелділікті азайтуға және елді тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, электр энергиясы тарифтерінің өсууіне карсы әрекет етуге, электр энергиясын салыстырмалы түрде төмен бағамен өндіруге өз септігін тигізеді деді штаб мүшелері
Бұдан кейін, «Аудандық электр желісінде» өткен кездесу барысында аталган ұжым қызметкерлеріне алдағы бес жылда 13 миллиард киловат /сағаттан асатын электр энергиясы тапшылығының өсуі негізгі экономикалық параметр екендігі кеңінен түсіндірілді. Штаб мүшелерінің сөзіне сүйенсек, бұл бізді шетелден электр энергиясының өсіп келе жаткан импортына тәуелді етеді. Оның үстіне, импорттық электр энергиясы кымбат. Қазақстан халқы санының өсуі, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының дамуы салдарынан электр энергиясын тұтынудың көлемі арта түсуде. Демек, осы ұлттық басымдықтардың барлығын жүзеге асыру, электр энергиясын өндірудің басқа да түрлерін дамытуды талап етіп отыр.
Ал, Түлкібас ауданындағы техникалық политехникалық колледжінің оқытушылар құрамы мен студенттері қатысқан жиында Халықтық штаб мүшелері атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның халықаралық аренадағы мәртебесін айтарлықтай арттыра түсетінін мәлім етті. Айтуларынша, атом электр станциялары елді энергетикалық тәуелсіздікпен қамтамасыз етіп, импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады. Сонымен қатар, атом энергиясын пайдалану көміртегі шығарындыларын азайтып, елдің экологиялық беделінің арта түсуіне ықпал етеді. Бастысы, атом электр станцияларын дамыту экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жана жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек.