Қазақстан тарихи шешім қабылдағалы тұр

Oinet.kz 16-09-2024 73

Атом электр стансасын салу – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Қазақстанның алдында үлкен таңдау тұр. Ең негізгі мәселе – қауіпсіздік. Халықты алаңдатып отырған басты мәселе де осы. Көкшетау қаласында студенттермен болған кездесуде жастар: «Қазіргі уақытта әлемде жұмыс істеп тұрған 415 ядролық реактордың барлығы дамыған елдерде орналасқан. 

Screenshot_18.jpg

Егер АЭС адамзатқа қауіпті болса, өркениетті елдер бұдан бас тартар еді. Одан бөлек, қазір әлемде 60-қа тарта АЭС салынуда. Дамыған мемлекеттердің өзі АЭС-ке қажетті шикізатты бізден алып отыр. Ядролық отын өндіретін зауыт та өзімізде бар. Осыншама ресурсты, зор әлеуетті елдің игілігіне, экономикалық тәуелсіздігімізді нығайтуға жұмсамасақ, оның пайдасын қашан көреміз? Қашанғы шикізат елі болып қала береміз?» деген мәселе көтерген болатын. Бұл сұрақтарға өңірде болған халықтық штаб мүшелері жауап берді. 

Атап айтсақ, халықтық штаб мүшесі, Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев көкшетау қаласында студент жастарымен, «Көкшетау-Энерго» серіктестігінің ұжымымен кездесіп, бейбіт атом энергетикасын дамытудың келешегі мәселесін талқылады. Министрлік басшысымен кездесуге Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті¬нің, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттің, М.Ғаб¬дуллин атындағы азаматтық қор¬ғау академиясының, Гу¬ма¬ни¬тарлық-техникалық ака¬де¬мияның студенттері қатысты. Басты тақырып бейбіт атом төңірегінде болды. 

Болашақтың жайын бағамдаған кездесу ба¬рысында министр атом энер¬гетикасының еліміз үшін қаншалықты маңызды екеніне тереңірек тоқталып, дамуы мен қа¬уіпсіздігі төңірегінде ой толғады. Министр елімізде электр энергиясын өндірудің негіз¬гі үлесін, жалпы өнімнің 66 па¬йызын қамтамасыз ететін көмір стансалары құрайтынын, жаңартылған энергия өндіру үлесі шамамен 6 пайыз екенін айтып өтті. 

Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум – жалпыхалықтық деңгейде өткізілмек. Бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асыуының бірден-бір дәлелі. Біздің әрқайсымыз балаларымыздың қуатты және ешкімге мұқтаж болмайтындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүргенін қалаймыз. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз осы асқақ арманымызға қарай қадам жасаймыз. Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Сондай-ақ, АЭС салуға 2 мың жұмысшы жұмылдырылса, қолданысқа берілген соң 8 мың жұмыс орны ашылады. АЭС құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды да дамытуға серпін береді. Жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер салынады. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстанды құру жылнамасындағы жаңа парақшаға айналады. Осы орайда 6 қазанда өтетін республикалық референдумда  АЭС салу бойынша ел Президентінің бастамасын қолдауға шақырамын, - деді министр.

Электр энергиясын пайдалану көлемі бір орында тұрмайтыны белгілі. 2035 жылға қарай тұтыну көлемі сағатына 152,4 миллиард киловатты құрауы мүмкін. Бұл ретте қазір жұмыс істеп тұр¬ған энергия көздерін өндіру бірқатар объективті себепке байланысты төмендейді. Осыған байланысты 2035 жылға қарай жалпы қуаты 26,5 гегават болатын жаңа генерациялаушы қуаттарды іске қосу қажеттігі туындайды.

Қазір бүкіл әлем көміртегіне бет бұрып жатыр. Сондықтан халықаралық қаржы институттары көмір электр стансаларының құрылысына инвестиция салуға құштар емес. Қазақстан еліміздегі газ ресурстарының біршама шектеулі болуына байланысты газ генерациясын кеңінен енгізуді жүзеге асыра алмайды. Демек жаңартылған энергия көз-дері¬нің жұмысын болжау қиын. АЭС құ¬рылысы тоқтап тұрған қуат¬тар¬ды алмастырудың және энергетикалық тәуелсіздікті қамта¬ма¬сыз етудің бірден-бір дұрыс шешімі болмақ деген пікір айтылды.

Министр студенттерге ядролық реакторларды пайдаланудың әлемдік тәжірибесі, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи шаралары туралы кеңінен таратып айтып берді. Ашық пікір алмасуға жастар белсенді араласып, атом энергетикасының болашағы, оның экологиялық қауіпсіздігі және экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлі туралы сұрақтар қойып, тұщымды жауап алды. Маңызды мәселелер талқыланған жүздесу барысында ел ертеңіне сеніммен қарайтын жастар еліміздегі атом энергетикасының болашағы мен тұрақты дамуға қосатын үлесі туралы жан-жақты хабардар болды.

Бұдан кейін Энергетика министрі мен штаб мүшелері облыс орталығындағы «Көкшетау-Энерго» ЖШС жұмысымен танысып, кәсіпорын ұжымымен кездесті. Бұл жерде де атом электр стансасының қаншалықты маңызды екені жан-жақты түсіндірілді. Ел экономикасының тұрақты дамуы электр энергиясына сұраныстың артуымен қатар жүретінін бұл ұжым жақсы біледі. Өнеркәсіп, металлургия, көлік, ІТ, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытындағы жаңа жобаларды іске асыру үшін қазірдің өзінде электр энергиясына деген сұраныс жоғары. 

АЭС елді энергетикалық тәуелділіктен құтқарады
АЭС - салу еліміздің энергетика саласына оң өзгеріс әкеледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу