АЭС - салу еліміздің энергетика саласына оң өзгеріс әкеледі

Oinet.kz 16-09-2024 107

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанда Атом электр станциясы құрылысы бойынша ұлттық референдум өтетінін хабарлады. Референдумды халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам деуге болады. Алдағы таңдау Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық. Осы ретте Халықтық штаб мүшелері Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Қазалы локомотив жөндеу зауытында болды.  

Screenshot_19.jpg

Қазалы аудандық Халықтық штабтың төрағасы Ғазиз Әліш және штаб мүшелері: Арғын Орымбаев, Нұрлан Алмағамбетов пен Нұркен Ботабаев Қазалы локомотив жөндеу зауытының жұмысшыларымен кездесіп, АЭС-тің болашағы мен оның тиімділігін талқылады.

- Қазір ресми және бейресми ақпарат көздерінде тозығы жеткен энергия көздерін атом реакторымен жұмыс істейтін экологиялық таза қуат көздеріне алмастыра аламыз ба, алмастыра алмаймыз ба деген пікір төңірегінде қызу талқы жүріп жатыр. Оның басым бөлігі егер алға қарай дамимыз десек, әлемнің алпауыт елдерімен тереземізді теңестіретін жолға тәуекел деп қадам басайық дегенге келіп саяды.

Көріп-сезіп отырмыз, әлемде энергия тапшылығы жыл өткен сайын күшейіп барады. Сенімді әрі экологиялық таза қуат көздерінің қажеттігі білініп тұр. Себебі қарқынды дамып жатқан экономикамыз, егер біз өзге елдермен қатар алға ұмтылмасақ, шабандап артта қалып қояйын деп тұр. Тұрмыстағы көзге көрінбес қуат шығындарымыз мол энергияны қажет етуде. Ал, мұндай сұранысты тек атом энергетикасы ғана қамтамасыз ете алады. Бұл қадамға біз ғана барып отырсақ мейлі ғой. Бүткіл көршілеріміз осы мақсатты көздеуде. Көз қорқақ, қол батыр. Біз ескі энергия көздеріне арқа сүйеп отыра беретін болсақ, әлем елдерімен көшімізді түзей алмай, әл-қуатымыздың дами алмайтынын қоғам көрсетіп отыр. Сондықтан күллі дүние жұрты жатсынбай қабылдап жатқан заман технологиясынан қорқа берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Біреулер ойлағандай, бұл өзекті мәселе тосыннан пайда бола қалған жоқ. Қаншама уақыттан бері талқыға түсіп, білікті мамандардың сараптамасымен түйінделіп, бір шешімге келген жоба. Сол себепті, құрметті ағайын, баршаңызды Президентіміздің «атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажет» деген ойын қолдап, еліміздің ертеңі үшін бір шешімге келуге шақырамын, - деді штабтың төрағасы Ғазиз Әліш.

Экономика, энергетика екеуі егіз ұғым. Бұл салалар бір-біріне тәуелді.  Бірінсіз бірін елестетуге келмейді. Яғни, энергетика дамымаса, сәйкесінше, экономикада да ілгерілеу болмайды. Бір күн емес бір сағатқа қуат көзі өшсе, жағдайдың қалай болатынын білесіз. Демек, адамға да өндірісіке де қажетті басты ресурс ол – энергия. Қысқасы, ел экономикасында тоқырау емес өсім болсын десек, бірінші кезекте энергетика саласын дамыту керек. Ал, әлемдік ғалымдардың «алда энергия жетіспеушілі болады» деп дабыл қаққаны кеше емес. Бұл өзекті мәселе күн тәртібінен түспей келеді. Жаңа АЭС сұранып тұрған мәселе. АЭС ол – ғылымның жетістігі.

«Элeктр энeргeтикaсы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa. Қaзіpдің өзіндe біздің eліміздe элeктp энeргиясының тaпшылығы бaйқaлaды. Энeргия көздeрінің жeтіспeуі aлдaғы уaқыттa ірі өндірістік oрындap үшін дe үлкeн мәсeлeге aйнaлуы мүмкін. Өйткeні, бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болары сөзсіз», - деді штаб мүшесі Нұрлан Алмағамбетов.

Атом электр станциясы – ол бірнеше мыңдаған жылдар бойы энергия тапшылығынан құтқару. 2050 жылға қарай барлық әлем елдерінің АЭС-інен өндірілетін электр энергиясы 792 гегаватқа дейін яғни 2 есеге өседі деген болжам бар. Бұл халықаралық агенттіктің ұсынған мәліметі.  АЭС – базалық генерацияның ең экологиялық таза түрі. Атом электр станциясынан экология еш зардап шекпейді.  Атом электр станциялары көміртексіз энергияның негізгі құрамдас бөлігі саналады. Сондықтан, одан мүлдем экология зардап шекпейді. Керісінше, бұл электр орталығы парниктік газдың әсерін азайтуға көмектеседі. Айталық,  1000 мегават болатын атом электр станциясын жыл сайын пайдаланса да, парниктік газдар шығыны 8 миллион тоннаға азайып отырады. Атом электр станциялары көмір немесе табиғи газ қондырғыларына қарағанда отынды әлдеқайда аз тұтынады, бұл көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Оның үстіне ол сарқылмас қуат көзі.

Ал штаб мүшесі Арғын Орымбаевтың айтуынша, елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық объективті алғышарттар орын алған. Атап, айтқанда уранның бай қоры, оны өңдеу мен өдіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.

Жиын соңында штаб мүшесі, Қазалы локомотив жөндеу зауытының директоры Нұрлан Алмағамбетов еліміздегі АЭС қажеттілігі бойынша маңызды ақпарат алғанын айтып, ұжым болып қолдайтындығын білдірді.

Қазақстан тарихи шешім қабылдағалы тұр
«Ел игілігіне бағытталған референдум»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу