«Ел игілігіне бағытталған референдум»

Oinet.kz 16-09-2024 116

Түлкібас ауданында Халықтық штаб мүшелері халық арасында елімізде АЭС салу бойынша насихат жұмыстарын жүргізіп, аудан тұрғындарын 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға қатысуға шақыруда. 

Screenshot_20.jpg

Штаб мүшелерінің қатысуымен Шұқырбұлақ ауылдық кітапханасы мен аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру және тең қоғам» бөлімшесінде «Ел игілігіне бағытталған референдум» атты кездесу өтті. Ол кездесулерге аудандық штабтың төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Х.Байысбаев штаб мүшелерімен бірге қатысты. 

«АЭС – салу біздің елге керек. Ол жөнінде дау көтерудің қажеті шамалы. Тіпті қаржылық, экономикалық тұрғыдан да ұтарымыз көп. Ресей энергиясына тәуелділіктен құтылудың бірегей амалы да – осы АЭС. Тізбелесек, атом энергетикасының пайдасы көп, біріншіден, экологиялық таза, екіншіден, тиімді, қауіпсіз, үшіншіден, уран өзімізде өндіріледі, тек маман даярлай алсақ болғаны. Қазірдің өзінде елімізде электр қуатының жетіспеушілігі аңғарыла бастады. Бұрынғы тоқтап қалған көптеген зауыт-фабриканы, өндірістік кәсіпорындарды қайта жандандыру үшін энергия қажет. Бүгінде әлемнің 31 елінде, жалпы қуаты 391 гегават болатын 439 реактор жұмыс істеп тұр. Бұған қосымша тағы 52 реактор салынып жатыр. Осының бәрін есепке алсақ, АЭС салудың қажет екенін бағамдаймыз. Әрі біз көмір¬тегі бейтараптығына қол жет¬кізу бойынша міндеттеме алып отырмыз. Демек, алдағы уа¬қытта көміртексіз өндірісті дамы¬туға тиіс¬піз. Сол себепті парниктік газ шыға¬ратын сектор үлесін қысқартып, атом энергетикасына көшу аса маңызды. Бұл – экологияны сауықтыру жолындағы игілікті қадам», - деп атап өтті өз сөзінде штаб төрағасы Х.Байысбаев.

Жалпы елде АЭС салу туралы Президенттің бастамасы мен 6 қазанда өткізілетін жалпыұлттық реформаны қолдап аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Сәтбай бастаған қарияларымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.  

- Атом электр станциясының тиімділігіне тоқталып өтсем. Атом энергетикасы саласының мамандары, АЭС бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба екенін айтады. Тиімділігін айтатын болсақ, Атом электр станциясы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Экологияға зиянды газдар шығармайды. Құрылысында озық технологиялар қолданылып, нысандағы қауіпсіздікті қамтудың бірнеше желісі пайда болады. Қазақстанның энергетика саласын түбегейлі жаңғыртуға ықпал етіп, жаңа технологиялардың келуіне мүмкіндік ашады. Станция жұмысын ұйымдастыруда қосымша өндірістік желілер, қызмет көрсетуші құрылымдар пайда болады. Олардың барлығы технологиялық тұрғыда мүлде жаңа мазмұндағы өндірістік желіні іске қосады. Станция орналасатын аймақта инфрақұрылымның дамуын ынталандырады. Өндірілген электр қуатының тарифін ұзақ жылдар бойы бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, халықтың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, экономиканы көтеруге, жаңа өндіріс орындарын ашуға, цифровизация мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады, - дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Сәтбай.

Жиын барысында штаб мүшелері аудандық маслихат кеңесшісі Т.Бердиев, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Қалдарбеков, орталық директоры А.Лес сөз алып, АЭС-тің артықшылығын жетер жеріне жеткізе айтып беріп, жиналғандарды 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға шақырды.  

АЭС - салу еліміздің энергетика саласына оң өзгеріс әкеледі
Отанымыздың гүлденуіне мүдделіміз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу