Отанымыздың гүлденуіне мүдделіміз

Oinet.kz 16-09-2024 111

6 қазанға тағайындалған жалпыұлттық референдум уақыты жақындап келеді. Жалпы ел ішінде атом электр станцияларының құрылысы жөнінде әртүрлі пікір айтылып жүр. Тіпті, ел ішінде оның құрылысына күмән келтіріп жатқандар да жоқ емес. Алайда, Президент атап өткендей, «Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дәйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс». 

Screenshot_21.jpg

Жалпы, Мемлекет басшысының атом энергиясын бейбіт мақсатта Қазақстанның экономикасын дамытуға пайдалану туралы шешімінің арғы жағында еліміздің экономикалық дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының артуы, экологиялық мәселелерді шешудің жатқанын ескерген жөн. Өйткені, электр қуатын тұтынудың кейінгі жылдары еселеп артып бара жатканын, болашакта оган деген тапшылыктын күшейе түсетінін мамандар ескертумен келеді. Сондықтан, бұл тұйықтан шығудың бірден-бір жолы атом энергетикасының алеуетін пайдалану болмақ.

Шын мәнінде, атом энергиясы үздіксіз энергия өндірудің жалғыз гана көзі ретінде мойындалған. Себебі, АЭС генерациянын барлық түрінің ішінде көміртек қалдығын ен аз молшерде қалдыратын энергияның баламасы саналады. Расында да, қазір атом энергетикасын дамыту ерекше манызды экономикалық және саяси аспектіге айналды. Еліміздің барлық өңірінде өткізілген АЭС салу мәселесіне қатысты қоғамдық талқылаулар циклынын қорытындылары да оның мән-маңызын көрсетіп отыр. Түптеп келгенде, барлығы ел тұрғындарының қолында.

Апта басында Түлкібастық кәсіпкерлермен кездескен АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері: Х.Байысбаев, Т.Бердиев пен Қ.Сәтбай осылай деді. Жүздесу барысында штаб окілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым енбек адамдары қоғам өміріне және елдің дамуына жан-жақты зор үлестерін қосатынын әрдайым айтып жүргенін атап өтті. Сондай-ақ, басқосуда қатысушылар еліміздегі ең манызды оқиғалардың бірі Президенттің Жолдауын да талқылады. Бұл ретте штаб мүшелері әр Жолдау бұл халықтың қажеттілігі мен сұранысына негізделген нақты іс-қимыл жиынтығы екенін мәлімдеді. Ал, сонын бірегейі соңғы жылдары халық пен бизнес өкілдері қатты сезініп отырган энергия тапшылығы мэселесі.

Жиында штаб мүшелері қазіргі таңда кәсіби мамандардың далелді сөздері күмәншіл адамдар мен сыншылардың пікірінен басым түсіп, атом электр станцияларына катысты халықтың қорқынышы мен үрейін сейілтуі өте маңызды екенін атап өтті. Олар өз сөздерінде қоғам АЭС құрылысын ой елегінен өткізіп, дұрыс шешім қабылдауы қажет деді.

- Соңғы мәліметтер мен сараптамаларға сүйенсек, жыл өткен сайын еліміздегі энергетикалық сұраныс өсіп келеді. Қазақстанның экономикалық дамуы мен халық санының өсуі де бұған себеп болып отыр. Демек, біздің елде атом электр станциясы салынбаса, экономикалық және экологиялық тұрғыда бірқатар тауекелдерге тап болуымыз мүмкін. Ал, АЭС тұрақты және сенімді энергия көзі ретінде осынау мәселені шешуде маңызды рөл атқарады. Шын мәнінде, атом энергетикасынан бас тарту Қазақстанның сыртқы энергия көздеріне тәуелділігін молайта түсері сөзсіз. Бұл әсіресе, Ресей мен Қытай секілді көршілес елдерден электр энергиясын импорттауға мәжбүр етуі бек мүмкін. Осылайша, энергияның негізгі бөлігін сырттан сатып алу ұлттық қауіпсіздігімізте қатер төндіріп, экономикалық тауелділік арта түсері айтпаса да түсінікті. Ендеше, бәріміз бірлесіп, еліміздің прогрессивті дамуы жолында батыл қадам жасауымыз керек, деген Х.Байысбаев жұртшылыкты референдумға белсене қатысуға шақырды. Бұдан кейін, аудандық жедел жәрдем станциясынын ұжымымен өткен дөңгелек үстелде дәл осы штаб мүшелері алдағы референдумға барша жұрттың белсенді қатысуы осынау тарихи шешімнің дұрыс қабылдануына айтарлықтай әсер ететініне сенім білдірді. Әңгімелесу барысында Халықтық штаб мүшелері АЭС- тың тек энергия көзін қамтумен шектелмейтінін, сонымен қатар, еліміздің экономикалық, ғылыми және технологиялық әлеуетін нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Ал, Amanat партиясының аудандық филиалына қарасты бірнеше бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен кездесуде жастар мен келешек ұрпақ үшін бұл жобаның берер пайдасы зор екені туралы дәйекті ақпаратты кеңінен тарату керектігі баса айтылды.

- Жастардың қоғамдағы рөлі ерекше, Қазіргі күні еліміздегі ең маңызды шешімдер жастардың атсалысуымен қабылданып жатыр. Бұл Президентіміздің негізгі ұстанымы. Сіздер, жастар, болашақта Тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуына айрықша үлес қосатын жансыздар. Осы себепті, бүгін өздеріңізбен алдағы референдумда саналы түрде таңдау жасау үшін атом электр станцияларының құрылысын талқылауға келдік, - деді штаб мүшесі Т.Бердиев.

Бұл кездесулерде 6 қазан күні өтетін жалпыұлттық референдумда дұрыс шешім қабылдау арқылы Қазақстанның тәуелсіздігін одан әрі нығайтып, еліміздің даму жолындағы маңызды қадам жасау қажеттігі түсіндірілді. Ал, аудан орталығындағы «Ардагерлер үйінде» өткен басқосу барысында штаб мүшесі Қ.Сәтбай мен С.Қасымбеков атом электр станциясының құрылысы еліміздің бәсекеге қабілетті болуына өз жәрдемін тигізетінін айтты. Олардың пайымдауынша, кез келген тарихи оқиға орын алар шақта тұтас қоғам ішінде пікірталастың болуы заңдылық. Олар: «Әлеуметтік желілерде АЭС туралы кеңінен тарап жатқан шындыққа жанаспайтын ақпаратты қорыта білу аса маңызды. Осы ретте кәсіби мамандардың мәлімдемелеріне сенген жөн. Қазақстан баршамыздың ортақ Отанымыз. Сондықтан, еліміздің гүлденуіне бәріміз мүдделіміз», - деді.

«Ел игілігіне бағытталған референдум»
Атом электр стансасын салу – экологиялық таза жоба
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу