Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Бүгінгі таңда әлемдегі электр энергиясының жиырма пайызы атом электр стансаларында өндіріледі. Өкінішке қарай, бұл су энергетикасы мен көмірден кейінгі үшінші орында. Өндіріс пен таратудағы жетекші елдер АҚШ пен Франция 160-тан астам атомдық қуат блогын пайдаланады. Атом энергиясы өндірісінің 77 пайызға жуығы осы екі елдің үлесіне тиеді. Бұдан өзге отызға тарта мемлекет аталған қуат көздерін тиімді пайда көзіне айналдыра білген.
Мамандардың мәліметінше, елімізде электр стансаларының 70 пайызы тозған, электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3 пайызға өсуде. Ал, электр энергиясын өндірудегі көмірдің үлесі 66 пайызды құрап отыр. Өз кезегінде көмірқышқыл газының 82 пайызы органикалық отынды жағу кезінде бөлінеді екен. Соның салдарынан елімізде жылына 400 тоннаға жуық уытты металл атмосфераға тарайды. Бұдан бөлек, елімізде электр энергиясын тұтыну көрсеткіші өткен жылы 112,9 миллиард кВт/ сағат құраған. Болжам бойынша 2035 жылға қарай энергия тапшылығы 152,4 миллиард кВт/ сағатты құрайды деп күтілуде. Сондай-ақ, қондырғылардың тозуы, экологиялық санкциялардың ұлғаюы энергия көздері өндірісінің төмендеуіне әкелетіні сөзсіз. Сол себепті кез келген мемлекет дамыған елдердің тізіміне енуі үшін электр энергиясынан тәуелсі болуы шарт. Бұл елдің даму факторларының бірі саналады.
Жетісай ауданының Асықата кенті мен мақта өсіруші кәсіпкерлермен болған кездесуде аудандық Халықтық штаб мүшелері аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев осылай деді.
- Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі Жолдауында елімізде АЭС салу бойынша 6 қазанда жалпыұлттық референдум өткізілетіндігін мәлімдеді. Шындығында, Атом электр стансасын салу – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Ең негізгі мәселе – қауіпсіздік. Халықты алаңдатып отырған басты мәселе де осы. Қазіргі уақытта әлемде жұмыс істеп тұрған 415 ядролық реактордың барлығы дамыған елдерде орналасқан. Егер АЭС адамзатқа қауіпті болса, өркениетті елдер бұдан бас тартар еді. Одан бөлек, қазір әлемде 60-қа тарта АЭС салынуда. Дамыған мемлекеттердің өзі АЭС-ке қажетті шикізатты бізден алып отыр. Ядролық отын өндіретін зауыт та өзімізде бар. Осыншама ресурсты, зор әлеуетті елдің игілігіне, экономикалық тәуелсіздігімізді нығайтуға жұмсамасақ, оның пайдасын қашан көреміз? Қашанғы шикізат елі болып қала береміз? Сондай-ақ, АЭС салуға 2 мың жұмысшы жұмылдырылса, қолданысқа берілген соң 8 мың жұмыс орны ашылады. АЭС құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды да дамытуға серпін береді. Жаңа жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер салынады. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстанды құру жылнамасындағы жаңа парақшаға айналады. Осы орайда 6 қазанда өтетін республикалық референдумда АЭС салу бойынша ел Президентінің бастамасын қолдауға шақырамын, - деді Медет Қасымов.
Штаб мүшелерінің айтуынша, Қазақстан уран қорына бай, әлем бойынша экспорттауда жетекші орын алады. 2023 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі уран қоры 990 мың тоннаны құраған. Былтыр өндіру көлемі 21,1 мың тоннаға дейін жеткен. Бұл әлемдегі уран өндіруші елдердің көрсеткішінен асып түседі. Сондықтан Қазақстанның энергетикалық жүйенің болашақ негізі ретінде атом энергиясын пайдаланатын дербес державаға айналу мүмкіндігі жоғары.
«Еліміздегі шикізат қоры реакторлардың 50 пайызын шикізатпен қамтамасыз етіп отыр. Ал бір жыл ішінде өндірген уранның 3 пайызы ғана АЭС-ке жұмсалмақ. Сондықтан біз шикізаттан тапшылық көрмейміз, толықтай қамтамасыз етілген. Сондай-ақ Ядролық физика институтында қуаты 6 мегаватт болатын ядролық зерттеу реакторы орналасқан. Бұл су-су реакторы, ол – әлемдегі ең қауіпсіз санаттағы құрылғы. АЭС салу бұл – 60 жылдан астам уақыт тұтынушыларды сенімді энергиямен қамтамасыз ету, парниктік газ шығарындыларын жылына 10 миллион тоннаға дейін азайту, сонымен қатар табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» дейді Медет Қасымов өз сөзінде.
Осыдан кейін штаб мүшелері аудандық «Асықата» ауруханасының және мақта өсіруші кәсіпкерлермен кездесті. «Кәсіпкерлік саласындағы көп жылдық тәжірибем ешбір әкімшілік шаралар немес импортқа, тарифтер бағаны тұрақтандыруға кепілдік бер алмайтындығын аңғартты. Бұ бағытта АЭС-тың Қазақстанда болуы отын импортын тәуелділікті жоюға мүмкінді береді. Болашақта елімізге энергия өндіруші алпауыттарда саяси қысымға ұшырауымызға жол бермейді» деген аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев АЭС салудағы қауіпсіздік шарттарына тоқталды.
– Осыған дейін біраз ауылдық округте, түрлі мекемелерде болдық. Халықтың қоятын сұрағының 90 пайызы – қауіпсіздік деңгейіне байланысты. Жалпы, көпшіліктің АЭС туралы ойы жақсы. Оған алдыңғы кездесу барысында көз жеткіздік. Әсіресе, шағын және орта кәсіп иелері АЭС салуды қолдап отыр. Кәсіпкерлер үшін электр энергиясы – өте үлкен қажеттілік. Жылыжайда көкөніс, жеміс-жидек өсіріп отырғандар, шағын бизнес өкілдері электр энергиясынсыз қалатын болса, тауарларын шығара алмайды. Сондықтан шектеусіз электр энергиясын тұтынуға мемлекет мүмкіндік жасауы керек деген пікірлер айтылды, - дейді Бақыт Жаңбырбаев.
Кездесу қорытындысында штаб мүшелері халық тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, оларды 6 қазан күні өтетін жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды.