АЭС - энергетикалық әрі экологиялық мақсаттарды шешетін бірден-бір құрылыс

Oinet.kz 17-09-2024 100

Халықтық штаб мүшелері Арыс қаласындағы №17 кәсіптік колледж оқытушылары және студенттерімен кездесті. Оның алдында Монтайтас пен Байырқұм ауылдарында халықпен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған АЭС салу бойынша талқылау болған еді. 

Screenshot_23.jpg

Президентіміздің Жарлығымен 6 қазанда жалпыұлттық референдум өтеді. Осыған байланысты өңірлерде құрылған Халықтық штаб мүшелере ауыл ауылдарды аралап, халықпен кездесулер өткізуде. Колледж оқытушылары және студенттерімен болған кездесуда Amanat партиясының Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков пен штаб мүшесі Мұратжан Есенбаев жиналғандарды референдумға қатысуға шақырды.

«АЭС салу ісі еліміздегі энергетикалық әрі экологиялық мақсаттарды тиімді жолмен шешетін бірден-бір құрылыс. Сонымен қатар, инновациялық- технологиялық ғылым мен білім беру жүйелерінің жаңа үрдісте қарқынды дамуына зор мүмкіндіктер береді. Ең бастысы, электр энергиясына тәуелділіктен құтқарады», - деді кездесудің ашылуында сөйлеген қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов. 

Бүгінгі таңда біздегі электр энергиясы өндірісінің 70 пайызға жуығын көмірдің үлесі кұрайтыны белгілі. Алайда қазіргі көмір отыны әлемде экологиялық зиянды өнімнің бірі, ең қуатты ластаушы ретінде танылып отыр. Көмір қабаттарын өндіру кезінде метан шығарындыларымен, көмірді жағу кезінде көмірқышқыл газымен, сондай-ақ көмір шаңымен ауа атмосферасының ластануы белең алуда және оның басқа да көптеген қалдықтары қоршаған орта мен адам өміріне аса зиян келтіруде. Мысалы, СО2 көмірқышқыл газы 81,6 пайыз органикалық отынды жағу кезінде бөлінеді. Нәтижесінде дүние жүзі бойынша адамдар арасындағы тыныс алу және онкологиялық аурулары жыл санап артуда. Тек, 2017 жылдың өзінде көмірді жағып, пайдалану кезінде пайда болатын шығарындылар жылына кем дегенде жарты миллион адамның өліміне себеп болған көрінеді. Оның үстіне еліміздегі көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының 70 пайызы тозған.

Жаңартылған энергия көздерінің үлес салмағының біртіндеп өсуіне қарамастан, мемлекетіміздің табиғи-климаттық шарттарға тәуелді болуына байланысты энергия көзінің тұрақты болуы қиындық туғызуда. Мамандардың болжамы бойынша, 2035 жылға қарай жаңартылған электр көздерінің үлесі 36-ға жетуі мүмкін. Бірақ, жылу электр станцияларының (ЖЭС-ң) да қоршаған ортаға тигізетін зиянды жақтарын ұмытпау керек.

Ал, АЭС парниктік газдар болмайтын, жаһандық жылыну мен климат өзгеруінің негізгі себептері болып табылатын көмірқышқыл газын, метанды шығармайды. Адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсер ететін басқа да ластаушы заттарды бөлмейді. Оның үстіне АЭС-ті жобалау, салу және пайдалану МАГАТЭ әзірлеген қатаң халықаралық кауіпсіздік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Сондықтан, АЭС еліміздің экономикасын тұрақты, таза және сенімді энергиямен қамтамасыз ету арқылы халықтың жоғары өмір сүру деңгейін де қамтамасыз етудің негізі болып табылады.

Аудан тұрғыдарымен кездесуде осылай деген штаб мүшесі Бақтығали Ділдәбеков АЭС-тен елге келер қауып жоқ дейді. «2022 жылы 1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға қарай елімізде электр энергиясы тапшылығы туындайтынын айтқан еді. Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде қазірдің өзінде электр энергиясының тапшылығы 1,3 гегават көлемінде болып тұр. Алдағы уақытта электр энергиясына деген сұраныстың барынша арта беретінін ескерсек, АЭС-тен басқа экологиялық жағынан таза балама жоқ деуге болады», - деп түйіндеді ойын.

Ал штаб мүшесі Мұратжан Есенбаев өз дәлелдерін ғалымдардың, осы салада жүрген инженерлердің тұжырымдарын алға тарта отырып, мысалдармен жеткізуге тырысты. «Ұлттық ядролық орталық» бас инженерінің орынбасары Денис Зарваның сөзінше, дәл қазір елімізде энергия тапшылығының алапат қарқынмен өріс алып келе жатқаны жасырын емес. Шынын айтқанда, елдегі жылу электр стансалары өзінің ақырғы ресурстарын сарқып пайдаланып жатыр. Жылу электр стансалары маңындағы радиациялық сәуле АЭС маңындағы сәуледен (табиғи нормаға сәйкес) бес есе артық. Себебі көмір¬де та¬биғи радионуклидтер бар, ол жанғыш өнімдермен бірге атмосфераға таралады. Оның үс¬тіне біздің алдымызда 2060 жыл¬ға таман көміртегі бейтарап¬ты¬ғына қол жеткізу міндеті де тұр. Біз үшін атом энергетикасы таңсық нәрсе емес» дейді ол. Мәселен, Денис Зарваның сөзіне сүйенсек «Ақтауда әлем елдері арасында алғашқылардың бірі болып жылдам нейтрондағы тәжірибелік-өнеркәсіптік реактор жұмыс істеді. Қазір де үш реакторымыз бар», дейді ол. Оның айтуынша, кадр мәселесінен де кемшілік болмауға тиіс. Өйткені дәл қазір отандық атом саласында 17 мың маман еңбек етіп жүр.

«Үкімет те атом энергетикасы¬ның жаңа мамандарын даярлауға ден қойды. Қазір де жоғары білімді азаматтарымыз бар. Қай реакторды таңдамасақ та, оның маман дайындайтын құзыреті біздің пайдамызға жұмыс істейді. Бізге ел экономикасын дамыта түсу үшін энергия көздерін әртараптандыру өте маңызды. 2025 жылға дейінгі энергетикалық баланста 26,5 гегават жаңа генерация енгізу жоспарланған. Бұған генерацияланған базалық қуаттылықтың 10 пайызын беретін АЭС те қосылады деп үміттенеміз», дейді Денис Зарва.

«Ядролық физика институты» бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаевтың сөзінше, АЭС-ке қатысты күдік-күмәнді объективті фактілермен сейілтуге болады.

«Біріншіден, құрылыс және атом электр стансасын пайдалану кезіндегі басты басымдық қауіпсіздікке беріледі. АЭС құнының 40 пайызы қауіпсіздік жүйесіне бағытталады. Екіншіден, еліміздегі АЭС құрылысында III және III+ санатына тиесілі техно¬логиялық құрылғыларды пай¬даланады. Мысалы, Черно¬быль¬дегі АЭС – 1977 жылы, Фукусима АЭС-і 1971 жылы салынған. Үшін¬шіден, статистика бойынша атом электр стансаларында аса қауіпті апат 10 миллион жылда бір мәрте ғана болуы мүмкін. Бұл ретте жылу электр орталықтарындағы апаттың туындау ықтималдылығы 80 есе жоғары», дейді маман.

- Бұл мысалдарды мен неге келтіріп отырмын? Яғни атом саласында жүрген сала сарапшыларының сөзі¬нен ұққанымыз, ядролық реактор кө¬мегімен аз отын шығындай отырып көп энергия алуға, тұтынуға болады. Бұл – тиімді әрі экономикалық тұрғыдан пайдалы. Егер біз жеткілікті қуатты¬лық¬пен АЭС тұрғызар болсақ өз қажеттілігімізді жауып, тіпті АЭС-і жоқ көрші елдерге экспорттай да аламыз. Қуаттылық бойынша да, электр энергиясының бағасы бо¬йынша да тұрақты бола түсеміз. Сондықтан да баршаңызды 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға шақырамын, - деп сөзін аяқтады Мұратжан Есенбаев.

Жиын барысында штаб мүшелері көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға мысалдар келтіре отырып, ел және шетел ғалымдарының пікірлерін келтіре отырып жауап берді. 

Атом электр стансасын салу – экологиялық таза жоба
Ең басты мақсат – энергетикалық тәуелділікті жою
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу