Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Халықтық штаб мүшелері биыл 6 қазанда өтетін референдумның маңызын тұрғындармен талқылау үшін Шымкент қаласында болды. Шымкентте Халықтық штаб мүшелері өңірдегі педагогтар қауымымен кездесті. Іс-шараға 350-ден астам адам қатысты.
Штаб мүшелері мұғалімнің қоғамдағы рөлі де, беделі де ерекше екенін атап өтті. Мұғалімдер білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы елдің өркендеуіне жол ашады. Сондықтан ұстаздар қауымы АЭС туралы толық ақпарат алып, бейбіт атомды қолданудың барлық ерекшелігін түсінуі, толғандырған сұрақ-сауалдарға жауап алуы аса маңызды.
Штаб мүшелері жиналған көпшілікті атом энергетикасын дамыту бағытындағы әлемдік трендтер, АЭС-тың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру бойынша қолда бар құралдар туралы жан-жақты хабардар етті.
Қауіпсіз әрі таза энергия көзі АЭС әлем елдері арасында танымал. Айталық, дүние жүзінде 31 елде 415 реактор жұмыс істейді. Бүгінгі таңда атом энергиясы әлемдегі электр энергиясының шамамен 10 пайызын қамтамасыз етеді. Атом энергетикасының қуаты едәуір елдер: АҚШ (94 реактор), Франция (56 реактор), Қытай (56 реактор), Ресей (36 реактор), Үндістан (20 реактор), Оңтүстік Корея (26 реактор), Жапония (12 реактор). Бір мемлекет үшін бұл энергетикалық қауіпсіздік, енді бір ел үшін экологияны жақсарту жолы, тағы бір мемлекет оны экономикалық мақсатта қолданады. Мұндағы ең басты мақсат – энергетикалық тәуелділікті жою. Қауіпсіз қуат көзін өндіру.
Бүгінде атом энергиясы экологиялық тазалығымен, жоғары қуаттылығымен және дұрыс пайдаланған жағдайда тиімділігімен энергия алудың ең тиімді жолы болып отыр. Жылу электр стансаларымен салыстырғанда атом электр стансаларының отын шығыны бойынша артықшылықтары бар, бұл әсіресе отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері және қазба отын өндіру құны артып отырған өңірлер үшін маңызды.
Тағы бір айта кетерлігі, атом электр стансалары қоршаған ортаны түтін газдары, күл немесе құрамында мұнай өнімдері бар ағынды сулар сияқты заттармен ластамайды. Әртүрлі елдердегі АЭС пайдаланудың көп жылдық тәжірибесі олардың табиғатқа әсерінің өте аз екенін көрсетіп отыр және бұл әсер атом стансасының қызмет ету мерзіміне ықпалын тигізбейді.
Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Атом құрылысын және оның қасиеттерін зерттейтін мамандар елімізге керек. Жалпы, энергетик мамандарды даярлау бұл әрбір мемлекет үшін стратегиялық мәселе. Өйткені ақырзаман болғанша энергетик мамандар керек. Ал АЭС мәселесінде стансаны салатын мемлекет мамандарды қосымша оқытып даярлайды.
Ел арасында дамыған елдер атом стансасынан бас тартып жатыр деген пікір де бар. Олар АЭС-тен бас тартып жатқан жоқ, өз аумағында тозығы жеткен, қауіпсіздігі төмен стансалардың жұмысын тоқтатып жатыр. Себебі олар І немесе ІІ буын технологиясымен салынғандықтан, қауіпсіздік талаптарына сай келе қоймайды. Ал біз қазір ең озық стансаны салуды жоспарлап отырмыз.
Халықпен кездесуде осылай деген штаб мүшелері АЭС-тің қауіпсіздігіне кеңінен тоқталды. «Халық референдумға белсенді қатысып, дауыс берген жағдайда Қазақстанда III немесе III+ буынды атом электр станциясы салынады. Әлемде 30-дан астам дамыған мемлекетте 415 атом реакторы жұмыс істеп тұр. Бүгінде 15 мемлекет 61 атом реакторын салуға бел буды. Энергетика саласындағы мамандардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай атом энергиясы 2 есе көп пайдаланылады. Егер атом электр станциялары қауіпті болатын болса, неге дамыған мемлекеттер оны салуға құштар болып отыр?», - деді Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.
Сондай-ақ, Халықтық штаб мүшелері жергілікті теміржол қызметкерлерімен кездесті. Бүгінде 110 мыңнан астам отандасымыз «Қазақстан темір жолында» қызмет етеді. Олардың ерен еңбегі елдегі барлық көлік инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз етеді. Әңгімелесу барысында саланы одан әрі дамыту және халықтың, сондай-ақ бизнестің сұранысын ескере отырып, жұмыс тиімділігін арттыру үшін ҚТЖ-ны сапалы электр энергиямен қамтамасыз етудің маңызы ерекше атап өтілді.
«Осыған дейін Ақмола облысында, Түркістан, Шымкент қалаларында болдық. Халықтың қоятын сұрағының 90 пайызы – қауіпсіздік деңгейіне байланысты. Жалпы, көпшіліктің АЭС туралы ойы жақсы. Оған Түркістанда, Шымкент қаласында мұғалімдермен, зиялы қауым өкілдерімен, ақсақалдармен, М.Әуезов университетінің белсенді жастарымен, Alageum Electric компаниясының жұмыскерлерімен, Кентаудың энергетик мамандарымен кездесу барысында көз жеткіздік. Әсіресе, шағын және орта кәсіп иелері АЭС салуды қолдап отыр. Кәсіпкерлер үшін электр энергиясы – өте үлкен қажеттілік. Жылыжайда көкөніс, жеміс-жидек өсіріп отырғандар, шағын бизнес өкілдері электр энергиясынсыз қалатын болса, тауарларын шығара алмайды. Сондықтан шектеусіз электр энергиясын тұтынуға мемлекет мүмкіндік жасауы керек деген пікірлер айтылды», дейді Ақылбек Күрішбаев.
Кездесуде штаб мүшелері қала тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырды.