Ақшаны қалай аз жаратуға болады?

Oinet.kz 10-07-2019 1162

жмот2.jpg

Минимализм- әрдайым көлемі аз, сапасы саз нәрсеге қаржы жұмсау.Әрі сатып алынатын зат тек керек болуы шарт.

«Қажет боп қалар» деген пікірден арылыңыз!

Сіз пәтеріңіздегі барлық затты күнделікті қолданасыз ба? Мысалы, оқып қойған кітапты сақтау минималистке тән емес. Интернет-сауда сайтынан парақша  ашып қолданылмайтын заттарыңызды «табыс көзіне» айналдырыңыз.  Үйіңізде керексіз зат сақтағанша , әмияныңызда азды-көпті қражат тұрсын.

Минималист ретінде өмір сүру = қоқыстың әр түрлі формаларынан бас тарту

Гардеробыңзға бір сәт зер салыңызшы. Әрдайым киерге киіміңіз жоқ, бірақ сөрелер атылардай  толып тұрады. Бұл «жарамсыз маталар» кезінде сәнде болғанымен , қазір көшеге киюге комплекс туындатады.  Әлеуметтік желіден сәнді киімдер іздеу қазірде «трендте». Бірақ аз қаржы жұмсауға ниетті адам киімді керек еткен кезде ғана жаңа үлгіге алмастыру керек.

Киім алғанда мынадай талап қойыңыз:

Жарасымды. Дене пішініңіздің кемшіліктерін жасырып тұрса, сізде бұл киімге деген комплекс туындамайды.

Жайлы. Материалы денеңізге жайлы болса, өзіңізде бұл киімді ұзағырақ кигіңіз келеді.

Көтерме бағадағы киімдерден аулақ болыңыз.  Сіз сәнге емес, сапаға басымдық беріңіз. «Бір жылдан соң бұл киімді кие аламын ба?» деп өзіңізден сұрап көріңіз. Егер 3-4 айдан соң киюге жарамсыз болса, бұл киім «сіздікі» емес.

Сауданы жоспарлаңыз. Киім алуды ойламаған болсаңыз, киім сататын сауда орындарына бармағаныңыз абзал.

Кітап, қойындәптерлерді қалай алу керек?

Үйіңіз ықшам болса, сізге кітап сөресі қажет емес. Электронды нұсқасы бар кітаптарды қағазға шығарып ала салыңыз. Көркем дизайн сізге не үшін керектігін ойландыңыз ба?

Дизайны керемет кітаптар әрдайым ой шалғытушы қару. Яғни, сіз ішіңіз пысқан кез келген уақытта оқып уақтыңызды зая кетіресіз.

Кітап оқитын нысан: жеке кітапханасы бар досыңыз, кітапхана, электронды нұсқадағы, аудионұсқадағы кітаптар. Ойорамдарыңызды ұялы телефонға жүктелген  арнаулы бағдарламаларға құлып қойып жазсаңыз да болады.

Қағаз заттар алғандағы қағида: қалтаның қалыңдығын, үйдің кеңдігін сақтау.

 ақша.jpg

 Қандай ақпараттар қажеттігін қалай сұрыптаймыз?

Телефоныңыздағы суреттер тізімін ашып қараңызшы. Басым бөлігі қажетсіз скриншоттар. Сіз скриншоттап болған соң мүлде ашпаған  суреттер. Досыңызға қайда жүргеніңіз жайлы мәлімет беру үшін, зат аларда таңдау жасауға көмек сұрап салған суреттерден «көз ашпадыңыз» ба? БӘРІН ЖОЙЫҢЫЗ!

Тек өзіңізге қатысы бар суреттерді қалдырыңыз. "Тас дәуірінде" жазған хаттар тізіміңізді өшіріңіз. Ол сіздің уақытыңызды текке кетіру. Әрісі психологиялық жүк. Бұрын араласып қазір, қатынасыңызды үзген адамдарға қатысты мәліметтерді жойыңыз.

Ақпараттарды әр апта сайын жойып отырыңыз. Ол сізге үлке-е-е-ен  демалыс болады.  

     Әлеуметтік желіде қауіпсіз әрі жайлы виртуалды өмірді қалай жоспарлаймыз?

Өзіңізге қажетсіз адамдардың парақшаларындағы жазылушылар тізімінен шығыңыз. Ешқашан онлайн ойнатылымға қатысудың қажеті жоқ.

Дәл қазір қайда екеніңізді белгілеп пост салмаңыз. Үйіңізге келгеннен кейін де кафедегі суреттерді желіге жүктесеңіз болады. Бұл сіздің үйіңіздің, жеке басыңыздың қауіпсіздігін сақтайды. Керемет өмір сүреді деп танитын адамдарыңыздың парақшасын жиі қарамаңыз. Ол сіздің материалдық сұранысыңызды арттырады.

жмот.jpg

          Ақшаны қалай дұрыс жаратуға болады?

Ай басында қажетті заттарыңыздың тізімін жазыңыз. Айлығыңыздың мөлшері мен шығыныңыздың көлемі 3/2, 3/1 болғаны дұрыс. Шығын табыстан аспауы тиіс. Алған заттарыңыздың чегін сақтаңыз. Ол сіздің қаржы басқарудағы жауапкершілігіңізді арттырады. Дүкенге шыққанда әмияныңызға қажет ақшаңызды ғана сала шығыңыз. Ал фантазияңызды үйге тастап кетіңіз.

Қажылай мақсат қойып үйреніңіз. «Арманыңыздың» қанша тұратынын есептеп, сол қаржыны жинаңыз. Сіз қана уақытта арманыңызға жететініңізді белгілеңіз. Әр айда бірдей мөлшерде қаражат қорын сақтаңыз.

Бір көргеннен ғашық болу тек киноға тән сюжет. Кез келген затты бір көріп, көңілге қондырмаңыз. Ол бұйымның қаншалықты қажеттігін, сапасының деңгейін сараптаңыз.


Көрнекі суреттер ашық дереккөзден алынды.

Кәсіпкерлік жоба: Электронды фоторамка
Элитаның опасыздығы... Байлық үшін сұлтандар ұлтанға айналады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу