Болатбек Әлиев елді тағы шулатып жатыр
21-06-2023
Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкерлері 50 қара қолшатыр сатып алғаны туралы хабар қазақстандықтарды қатты ашуландырды. Желі қолданушыларына шенеуніктердің оларды бюджет ақшасына сатып алып жатқаны ұнамады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл жаңалыққа облыс әкімдігінің басшылығы түсініктеме берді. Олар қолшатырларды ресми делегациялардың қажеттіліктері үшін тендер арқылы сатып алынғанын түсіндірді.
КТК телеарнасының хабарлауынша, алғашында қолшатыр сатып алуға жарты миллионға жуық теңге қарастырылған, бірақ жеңілдікпен олар шенеуніктерге 195 мың теңгеге түскен.
- Біз келген қонақтарды осы қолшатырлармен қарсы аламыз, жақында премьер-министр келді. Біз ауа райы қолайсыз болғандықтан, осы қолшатырмен қарсы алдық. Олар тек ғимарат ішінде ғана жүрмейді. Түрлі нысандарға барады, - деді Мейрам Әуелбеков, Ақтөбе облысы әкімдігі аппараты басшысының міндетін атқарушы.
Жергілікті және іссапармен келген шенеуніктерге сатып алынған қолшатырлар 3 жылға есептелген, кейін олар жаңасына ауыстырылатыны айтылды.
Бұған дейін тараздық шенеуніктер 9 миллион теңгеге 10 батарея сатып алуды жоспарлаған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өтінішті толтыру кезінде қызметкердің қателік жібергенін түсіндірді.