Былтыр Қазақстанның ауыл шаруашылығы кері кетті
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13221,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 3,5% артық.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 37047,6 млрд. теңгені құрды, бұл 2020 жылға қарағанда 3,8% артық.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 7376 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 2,4% кем.
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 5495,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 7,6% артық.
Көлік және қоймалау саласы бойынша нақты көлем индексі 103,6% құрады.
Жүк айналымының көлемі 597,2 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,4% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 106,8 млрд. ж-км құрап, 1,4% кеміді.
Байланыс саласы бойынша нақты көлем индексі 112,9% құрады.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда сауда саласы бойынша нақты көлем индексі 109,2% құрады.
Соның ішінде бөлшек сауда көлемі 13363,7 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,5% құрады (салыстырмалы бағада).
Ал көтерме сауда көлемі 28835,8 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 110,5% құрады (салыстырмалы бағада).
Сыртқы сауда айналымы 91375,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда номиналды мәнде 15,4% көбейді, оның ішінде экспорт – 54549,5 млн. АҚШ долларын (24,5% көп, номиналды мәнде), импорт – 36825,9 млн. АҚШ долларын құрады (4,2% көп, номиналды мәнде).
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 481732 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 472777 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 352848 құрады, оның ішінде 344130 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы желтоқсанда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 108,4% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 9,9%, азық-түлік емес тауарларға – 8,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 6,5% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы желтоқсанда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 46,1% өсті.
Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 131978 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қарашаға қарағанда 4,2% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 4,1% төмендеді.
2021 жылғы желтоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 268051 теңгені құрады.
2021 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 449,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы желтоқсанның соңына 97,9 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,1%.