Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қазақстанда кәмелетке толмай отау құрып жатқан жасөспірімдердің саны артып барады. Биылғы бір жыл ішінде олардың саны 3 мыңға жеткен. Олардың 5% өзінен 10 жас үлкен ер азаматпен тұрмыс құрады.
Психологтардың айтуынша мұндай отбасылар анатомиялық, психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан отбасы құруға дайын емес болғандықтан, олардың арасында ажырасу мәселесі көптеп орын алатын көрінеді.
Психолог Жаңагүл Тұрманова мұндай жағдайларда ата-ананың жауапкершілікпен қарау керектігін айтты.