«Арыз жазбауым үшін 5 млн. теңге ұсынды»: Әріптесінен зорлық көрген бойжеткен

Oinet.kz 10-02-2025 3359

Белгілі заңгер, құқық қорғаушы Ләззат Рақышева өз парақшасында әріптесінен зорлық көрген қыздың хатын жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_6.jpg

Айтуынша демалысқа барғанда, мастығын пайдаланып әріптесі зорлаған екен. 

"Ләззәт ханым, маған кеңес керек! Мен тұрмысқа шықпағанмын, жігітім жоқ. Жасым 35-те. Жұмыстағы әріптестермен бірге жиналып, тауда үлкен 3 үй алдық жалға. Содан бәріміз демалдық, биледік, спиртной арақтар іштік... Мен көп ішпейтін болған соң шыны керек масайып қалыппын. Өзім жататын үйге кетіп қалдым. Ұйықтап кетсем біреу үстіме шығып мені зорлады. Шошып айқайлап, жылап бірақ итердім", - дейді бойжеткен. 

Жәбірлеуші полицияға арыз жазбауы үшін 5 млн. теңге ұсынған. Алайда жеме-жемге келгенде жазадан сытылып кетудің басқа айласын тапқан көрінеді.

"Полицияға хабар беріп заявление жаздым. Жолда кешірім сұрап "5 млн тенге берейік арызыңды ал", - деді. Енді полицияға келгенде "не істесең де маған бәрібір", - деп өзгеріп шыға келді. "Менің таныстарым бар, сен өзің мені қаладың сені ешкім зорлаған жоқ", - деп басқаша сөйлеп кетті. Менің ойымша таныс тауып ақшаны соларға берген сияқты", - деп жазды хат иесі. 

Нағашы ағасы кәмелетке толмаған жиенін зорлап, жүкті қылған
Таразда өгей әкесінен бала тапқан 15 жасар оқушы туралы тың деректер шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу