Таразда өгей әкесінен бала тапқан 15 жасар оқушы туралы тың деректер шықты

Oinet.kz 11-02-2025 2449

Таразда 15 жастағы оқушы өгей әкесінен жүкті болғаны анықталған еді. Азғындық жасаған өгей әке қамауға алынды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Екі айлық шақалақтың биологиялық әкесі 54 жастағы ер адам екенін ДНК сараптамасы көрсеткен.

"ҚР ҚК 120-бабы,3\1 бөлігімен соталды тергеп-тексеру басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Жамбыл обылсы ІІД баспасөз қызметі өкілі.

Телеарна мәліметінше, оқушы жүкті болғанын мектеп те, емхана да байқамаған. Дәрігерлер тек босанғанда білген. Алайда олар оқушы қыздың уақытылы емханаға келіп, тиісті тексерістен тұрақты өтіп тұрғанынын айтады. "Әрдайым жанында өгей әкесі жүретін", - дейді ақ халаттылар.

Жүктілігінің бесінші айында Жамбыл жоғарғы мединицаналық колледжіне ауысқан оқушы оқу жылының ортасында босанған. Қазір ол академиялық демалыста. Ал екі айдан бері нәрестені "немерем" деп келген өгей әке қамауға алынды. Қазір полиция департаменті өгей әкенің қаршадай қызды қанша жылдан бері қорлап келгенін анықтап жатыр.

"Қыз үнемі осы өгей әкесімен дәрігерге қабылдауға келіп жүрген. Дене құрылысында еш өзгеріс байқалмаған. Өз тарапынан шағым болмағаннан кейін жүктілік бойынша есепке алынбаған", - дейді №7 Тараз емханасының бас дәрігері Әлия Шатаева.

«Арыз жазбауым үшін 5 млн. теңге ұсынды»: Әріптесінен зорлық көрген бойжеткен
ДНК нәтижесіне сенбейміз: Өгей әкесінен бала босанған қыздың анасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу