Арсыз ағамның досына тұрмысқа шықпағаныма қатты өкінемін

Oinet.kz 12-10-2024 4911

Əке шешем ажырасқалы мені нағашы атам мен əжем өз қызындай өсіріп бағып қақты. Анам өмірден ерте озды. Нағашы атамның ағайын туыс бауырлары көп. Атам моторист. Үйінің ең үлкені. Қысы жазы үй қонақтан босамайды. Мен өз бетімен өстім. 10 жасымнан бастап сырт келбетім өз жасыма есейген қыз секілді көрінетін. Соның кесірі де тиді десемде болады.

Screenshot_82.jpg

Атамның туысқандарының балалары қонаққа келгенде жиі тиісетін. Яғни ойнағандай болып арам оймен денемді ұстайтын. Ол кезде ойымда ештеңе жоқ жəне түсінбейтінмін. Өтірік қыдықтағандай болып тиіскен кездерде болатын. 

Сол жылы тағы бір туысқан ағам ауылдан келді. Атамның інісінің баласы есімі Асхат менен 7 жасқа үлкен. Жəне онымен бірге жақын досыда келді, есімі Ғабит. Екеуі айырылмас қос аққудай жүретін. Мен əзілдеп қос аққу дейтінмін оларды. Екеуі де біздің үйден жатып оқитын болды. Асхат аға маған мүлде тиіспейтін, бірақ менімен шаруасы да болмайтын өзімен өзі. Ғабит деген досы оны мен өз туған ағамдай көретінмін. Ол керісінше маған болысатын, менің сөзімді сөйлеп маған тиіскен адамдардан қорғаштайтын. 

Бір күні үйде атам мен əжем болмағанда, бір туысқан ағам болатын менен 4 жасқа үлкен, сол арам ойымен тиісті. Соның барлығын енді білдім оның қылықтары тым артық екенін. Біздің үйге келген сайын өтірік ойнағандай болып неше түрлі әрекеттер жасайтын. Солай өз арам пиғылын бастағалы, ол оданда сорақысын жасағысы келгенде, ағамның досы Ғабит аға оқуынан келіп құтқарып қалған. "Ей, не істеп жатсың, ұят болады" деп. Сөзбен түсіндіріп ұрысқан. Арсыз туысқан ағаларым Ғабиттың көзінше тиісе алмайтын. Бірақ ол жоқта түк болмағандай болып қолдарымен ұстаған кездер болды. 

Бойымдағы жасқаншақтық анамның жоқтығынан шығар. Мен мүлде қарсы келу дегенді де білмейтінмін. Ненің дұрыс бұрысында білмейтінмін. Өзімнен де бар кінə. Қысқа киінетінмін. Сыныптас құрбыларымнан да қалыспау үшін ашық шашық киіну біз үшін бір абырай еді. Ғабит ағаның сөзіне де құлақ аспай сол қысқа көйлектерді кию əдетке айналдығанмын. Маған олай киінбе десе де тыңдамаған өзім кінəлімін.

Асхат аға мен Ғабит аға 6 жылдай біздің үйде болды. Оқуын аяқтағалы олар жұмысқа орналасты. Мен шамалы нəрсеге де алаңдамайтынмын. Бұрын атам мен əжем үйде болмағанда, үйде жалғыз қалудан қорқатынмын. Ағаларым болғалы менде ол қорқыныш кеткендей болды. Тіпті қасымдағы адам үйдің алдына шыққса да, мен жалғыз үйде қалудан қорқатынмын. Жер үй болғасын дəретханамыз үйдің сыртында орналасқан. Атам мен əжем бірігіп күзетші болыпта жұмыс істеді. Кейбір кезде ағаларымен менде баратынмын, атам мен əжем жұмысқа бір себептермен шыққпай қалған күндері. Басқа қалаға алыс сапарға қонаққа кеткен күндерде болатын атам мен əжемнің. Сол керемет уақытты естен кетпес əлі күнге дейін ұмытпаймын. Ғабит мен үшін туған ағамдай болды. Жүрегімен оған жақындық сездім. Ол менің өмірімді толықтай білгесін аяушылық танытатын. Нағыз үлгі беретіндей жігіттің төресі. 

Мен тұрмыс құрып бөтен елге көшіп кеттім. 3 жылдан кейін ажырастым. Жолдасымның өтірік уəдесіне сеніп алданып тұрмысқа шықтым. Шет елге кетті деген сөз болмаса, отбасымыз берік болмай мені тастап кетті. Одан кейін жолдасым бейхабар жоғалды. Қайта елге аман есен оралып атам мен əжемнің үйіне келдім. Ғабит жылына бір рет қонаққа келіп тұрады. Қазір менің жасым 27 де. Ажырасқалы қайта тұрмыс құруға деген ой болмады. 

Ғабит 6 жыл бізбен бірге тұрып қоштасарда маған шынайы сезімін білдіріп кеткен. Ол кезде 16 жастағы қыз едім. Оны бір неше рет бетін қайтарып тастағаным үшін өкінемін. Қазір аңда саңда оны көріп тұрамын. Арамызда артық əңгіме болмаса да, оның отбасына кедергі болғым келмейді.

Психолог Жарқанаттың хатынан, 

Психологтың Ватсаб нөмірі 8 707 922 90 85

Жеңгеммен үйдегілерге ұсталып қалып, масқарамыз шыға ма деп уайымдаймын
Таксист ағайды есінен тандырып қоя жаздаған келін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу