Бұл өмірде менен артық келін жоқ
21-10-2024
Ұят та болса айтайын 8-наурыз мерекесінде жолдасымнан сыйлық алып та көрмеппін. Жаным деп кей кейде еркелегің келіп хабарлассаң, не болды тез айтшы деп тұратын еркектен өзім де жалыққандай болғам.
Бәрін басынан бастап айтайыншы.
Жақында жолдасымнан ажырастым. Ақталайын деп отырғам жоқ, бірақ сөздің шындығы керек. Еркек адам еркелетпесе, бір сәт бар екенін сездіретіндей еркектік лебізі аузынан шықпаса, сыйлық алып беріп көңіліңді ауламаса неге керек?!
Ақталғаным емес, уақыт өте осы қылықтарының бәрі мені одан суытты. Күйеуінен тәтті сөз естіміген әйел сырттан басқа бір еркектен естіген жылы сөзіне тез алданады екен. Осыны ұқтым.
Сондықтан еркектер әйелдің көңілін таба алмасаң, әйелге ренжіп қажеті жоқ.
Қазір жолдасым жоқ, алайда көңілдесім бар. Күнде қасыма қонып қалмаса да, өзінің бар екенін сездіріп, тәтті сөзін аямайтын, әрбір киген киіміңе меңіреу адамдай елеусіз қалдырмай лебізін білдіріп отыратын, күнде алақаныма әкеліп ақша салып отырмаса да мерекелерді, танысқан күндерді ұмытпайтын осындай азаматым барына ризамын!
Ойбай құлап сүйе қалдым деп айтпаймын. Ең бастысы өзінің бар екенін, сенің өзіне қажет екеніңді сездіріп тұратын осындай адамым бар.
Көп сөйлеп қайтем. Менің өмірден түйгенім осы болып отыр.
Әсем, Алматы қаласы