Мусордан бала тауып алсам екен деп, мусорға қарап жүретінмін

Oinet.kz 08-04-2024 4049

Мен өмірімді айтып бермекшімін. Айтсам ішім бір босап қалардай. Туған әпкем кішкентайынан ауруға шалдықты. Яғни жатырынан көп ота жасалып, бала көтере алмайтындай жағдайға жетті. Әпкем мектеп бітіріп оқуға түсті. Мен әпкемнен 6 жас кішімін.

Screenshot_16.jpg

Кішкентай болсам да, әпкемнің ауырғанын сезініп жылайтынмын. Әпкем тұрмыс құрса бала көтере алмайтыны анық. Қаншама жігіттер сөз салғанымен, бала көтере алмайтыны үшін тастап кетіп жатты. Сол кезде мен армандайтынмын. Егер мен үлкейсем, тұрмысқа шықсам бір бөпемді әпкеме берем деп. Сөйтіп уақыт өте келе әпкем ажырасқан бір ұлы бар жігітке тұрмысқа шықты. Бала көтере алмайтынын біле тұра жігіт жақсы көріп әпкемді қыздай алды. 5 жылдай отасты, бала көтере алмады. Эко 5 рет салдырды, түсіп қала берді. Уақыт өте күйеуі өзінің бірінші некесіндегі жұбайына қосылғысы келіп баласына барып жүрді. Әпкемнің қиналғанын көріп маған бір ой келді. Егер әпкемнің туған қайнысына тұрмысқа шығып бір бөпе туып берсем әпкемді тастап кетпес деген ой келді.

Сөйтіп туған қайнысына, жақсы көрмейтін адамыма тұрмысқа шығып, өзімді тірідей құрбандыққа шалдым әпкем үшін. Әпкем екеуіміз бір үйге келін болдық. 1 жылдай отастым, бала көтермедім. Сөйтіп жүргенде әпкемнің күйеуі 1-ші жұбайына қосылып кетеді. Әпкемді тастап кетеді. "Екі бірдей тумайтын бір үйдің 2 қызы керек емес" деп, енеміз қуып жібереді. Әпкем өз өмірін сүре берді. Екінші рет тұрмысқа шығады. Онымен 7 жыл отасады. Бала болмағасын бір ұл асырап алады. Тумаса да жұбайы тастамайды. Қазір шүкір бақытты.

Уақыт өте менде 2-ші рет тұрмысқа шығам. Бір қызы бар ажырасқан жігітке. Ол жігітпен 5 жылдай бірге тұрам, бірақ бала көтермедім. Күнім жылаумен өтіп жатыр. Тіпті армандайтынмын, мусорға бала тастап кетіп жатыр ғой?! Мусордан бала тауып алсам екен деп мусорға қарап жүретінмін. Оның туыстары, "сен көтермедің" деп көп бетіме табалайтын. Бір күні маған бір әйел хабарласады. "Мен сенің күйеуіңнің бұрынғы бірінші әйелімін. Аяғым ауыр, күйеуімнің басын босат" деп. Күйеуім болса мені не қылсын тумайтын әйелді. Басын босаттым. Қазір олар бақытты. Мен ол жігітке ренжімеймін. Өйткені әркім балалы бақытты болуға лайықты.

Ауылыма қайтып келдім. Туған ағаларым мені үйлеріне кіргізбей қуып жібереді. "Сендей қарындастың керегі жоқ" деп. Тіпті ағаларым әке-шешеммен де араластырмай қояды. Квартира жалдап бір жұмысқа тұрам. Тапқан ақшама квартирамды төлеймін де басқа шығындарыма жетпей қалатын. Жолыма ақша таппай Жұмыстан пәлен километр жаяу қайтатынмын. Бір күні мен өзімнің неге туа алмағанымды зерттей бастадым. Күрделі операцияны ұсынды. "Егер операция сәтсіз болса жатырыңыздан айырыласыз, соғанда дайын болыңыз" деді. Бірақ мен сонда да тәуекелге бел будым. Сөйтіп операцияға келісіп жасаттым. Операция сәтті өтті. "Енді тезірек тұрмысқа шығып, бала тумасаңыз операция жасаған жер қайта бітеліп қалуы ықтимал" деді. Мендей тумайтын әйелді кім алсын?! Сөйтіп жүргенде бір жігітті жолықтырам.

Бұл жігітпен Мешіттен ғана некемізді қидырып бала болу болмауын көргенімізді қаладым. Егер бұдан да көтере алмасам, өмірін былғамайын, өзімше бала асырап алып, өмірімді сол балама арнаймын деп шештім. Ол жігіт келісті. Заңды түрде үйленбесекте, мешітке барып некемізді қидырдық. Сөйтіп 3-ші рет неке қидырдым. Өйткені некесіз зинамен тәнімді былғағым келмеді. Бұл жігіттен де көтермеймін ғой. Сөйтіп ұсыныс жасадым, экомен көрейік деп. Экоға келіспей мені тастап кетті. Сөйтіп маған бір ой келеді. Экоға барып біреудің ұрығын салдырып аламын деп. Документ жинай бастадым. Анализ тапсырып болып, енды Эко-ға кетейін деп жатқанда жүкті екенімді білем ғой 3-ші некемнен Алланың қалауымен. Қалай қуанғанымды білсеңіздер ғой, қуанғаным соншалық жылай бердім, жылай бердім. Алланың қалауымен ұлымды дүниеге әкелдім. Баламның әкесімен қайта қосылғым келмеді. Өйткені есірткі пайдаланушы еді. Жақсы жұмысқа тұрып, үй алдым. Әлемде менен артық бақытты адам жоқтай сезінемін.

Баламның әкесіз өскенін қаламадым. Кішкентай кезінде өз әкесіндей қабылдап кетер деп бір жігітті жолықтырдым. Негізі тұрмысқа шықпауыма болар еді. Бірақ соған мәжбүр болдым. Өйткені тұрмысқа шықсам бауырларым ата-анам менімен араласар еді, сол себепті тәуекелге бел буғым келді. Барлық өміріме көз жұма қарап үйленді. 1 жыл отастық. Уақыт өте бұл жігіттің адам өлтіріп 8 жыл түрмеде жатып шыққанын естимін. Басыма жай түскендей болады. Мейлі өміріне көз жұма қарадым. Бірақ жұмыс істемейді. Тек үйде жатып алып ұйықтайды. Тапқан табысыммен мен асырадым. Соңында тіпті асырауға шамам жетпеді, қол көтеруді шығарды. Өмірде түсінгенім, өзгермейтін адам бәрібір өзгермейді екен. Мешкей деген жақсы ат емес әрине. Бірақ ажырастым екен деп өмір тоқтап қалмайды ғой. Өз бақытың үшін күреспесең, ешкім бізге әкеп бермейді. Бала үшін, бала сүйем деп басымнан осындай жайттарды өткіздім. Қазір шүкір, жұмысым үйім, балам бар бақыттымын. Маған осыдан асқан басқа бақыт керек емес. Күйеуден бағым ашылмаса да баламен бағым ашылды. Түсінгенім, Алладан шынайы сұрасақ бәрін береді екен!

Аяғым ауыр, туайын десем күйеуімнен қорқамын
Үйге əр күні танымайтын ағалар келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу