Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Аяғым ауыр туғым келмейді, алдырып тастауға күйеуім қарсы, өзі ішеді, мен жұмыссыз үйдемін. 1ұлымыз бар. Оған киім, тәтті, анау-мынау ештеңе әпермейді. Күйеуім продукты алмайды, киімге ақша бермейді, жолдастарын сыйлап соларға арағын аперіп жүреді. Зарплатасы соған кетеді.
Аяғым ауыр болса да арақ ішіп ұрды жанжалдасып, енді алғызып тастаймын десем "кетесің үйден" дейді. Гинеколог керек еді рецептсіз сатпайды екен дәрі. Енді не істесем екен басым қатты. 3 жыл болды өз ақшасын өзі ұстайды, енемді тыңдамайды, ақшасын босқа құртады. Енді не істесем екен? 1 баламен ажырасқым келген. Үйдегілер "баланы жетім қылма" дейді. Шыдасам нервм кетіп жатыр, спераль салдырғам түсіп қалыпты. Туғым келмейді, ол асырамайды, мен үйде отырсам да киім, косместика ештеңе сұрамаймын. Осы айда алиментке берем баланын акшасын беріп тұр десем, "үйден кетесің" дейді, хотя бы 300 мың айлықтан 50 мың беріп тұр десем бермейді, беретіні 10-20 мың ғана. Шаршап кеттім, ештеңеге зауқым жоқ.
Осы жолы ішіп алған, түн ішінде досына кетейін деп жатыр, "бармайсың" деп қарсыласып едім, ұрды. Біледі аяғым ауыр екенін. Тек өзінікі дұрыс болу керек. "Ты кто такая қарсы шығатын?" деп. Алдын да "алиментке арыз берем" десем, "үйден кетесің" дейді онда бөлек тұр деп. Болса да араққа салып жатыр ақшасын, "баланың акшасын бер" десем, бермейді. Қадірін білмейді,с ол үшін туғым келмейді, ауылдағы гинеколог енемнің араласатын танысы, ол кісіге аборт жасатсам куйеуім біліп қояды, сосын ішіп үйді қырады, білмеймін не істейтінімді, туайын десем біздің жағдайымызды жасамайды, миым қатып кетті.