Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жасым он бесте. Үйдің үлкенімін. Менің анам араққа үйірсек. Əкенің арақ ішкенінен ананың арақ ішкені жаман. Үйге əр күні танымайтын ағалар келеді.
Қонақ бөлмеге бізге жайылмаған дастархан жайылады. Шынын айтқанда, көгерген нан жейтін кезіміз болады. Əкем Кореяға кеткелі үш жылдан асты. Хабарласпайды. Анаммен ренжіскен тəрізді. Ай сайын бізге тапқан табысын жіберіп тұрады.
Үйде береке жоқ. Анам арақ ішкен сайын мен жаман боламын. Екі сіңіліме ана орнына, ана болып мен қараймын. Ал анам ішкен күні бөлмемізді ішінен құлыптап қоямыз. Анама қанша рет жылап, үйге бөтен ағалар келмеуін өтіндім. Тыңдайтын түрі жоқ. Анамды көршілер "жүргіш" дегендерін естіп, көңілім астаң-кестең болады.
Бірде анама келген еркектер мені де умаждап бауырына басып, қол жүгіртпекші болған. Ішімдікке тойып алған анама болса бәрібір, күліп қарап тұра берді. Ал мен жанұшырып ол еркектің қолынан әрең сытылып шығып, бөлмеге кіріп үлгердім де есікті кілттеп алдым. Енді, үйге еркек бас сұқса көрінбеуге тырысамыз. Ал сол күнгі ыза мен қорлықтан жарылардай болып таң атқанша жылап шықтым...
Не істесе болады? Анамды қалай емдетеміз?