Мәжіліс депутаттарымен кездесу

Oinet.kz 12-01-2024 259

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары аймақтарды аралап, тұрғындармен кездесу өткізуде. Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары  Д.Абіш, Ғ.Раймбеков, Б.Серманизов өңірге арнайы келген халық қалаулыларымен кездесіп, пікір алмасты. 

Screenshot_15.jpg

Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары – Қайрат Балабиев, Темір Қырықбаев, Ерлан Әбдиев, Қазыбек Иса және Нұрлан Әуесбаевпен кездесіп, облысты дамыту мәселелерін талқылады. 

Депутаттар тұрғындарды қабылдау нәтижесі туралы ой қозғап, олар көтерген мәселелерге, өтініштерге тоқталды. Ағын су, баспанамен қамту, «Жайлы мектеп» жобасы, жайылым, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым тарту, көші-қон жұмыстары бойынша ой бөлісті. 

Дархан Сатыбалды облысты дамыту бағытында қолға алынған жобалар мен жоспарларды баяндады. Халық қалаулылары өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, ел мүддесін қорғау жолында бірлесе жұмыс атқаруды жалғастыра беретіндерін жеткізді.

Қазақстандық әйел күйеуіне тоқал сыйлаған (видео)
Ақсақалдың қарғысын арқалаған келіншек..
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу