Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің анам әлемдегі ең керемет ана еді. Әкемде мен үшін асқар тау әке бола білді. Анам әкемнен емес оның бауырларынан көп қорлық көріпті. Оның бәрін анам өмірден өткен соң үлкен апкем айтып берді.
Анам менің өз қайынатасы, қайныларынан, қайынсіңілілерден таяқ жепті алаңсыз. Ең бірінші әкем өмірден өтті. Мен 8 сыныпты аяқтағанда. Одан 10 сыныпты аяқтауға 1 тоқсан қалғанда анам ауырып бастады. Анам өзі медсалада жұмыс жасайтын. Сол бәрін ешкімге айтпай ішке жинай бергеннен ішкі құрылыс, бауыр, бүйрек бәрі құрыған. Оны кеш білдік. Анам ота жасатты. Отадан соң 2 апта жаттыда бізді тастап кете барды. Сол кәзір әкемнің бауырларын көргім келмейді. Өзім тұрмыс құрдым 1 некем сәтсіз болды. Ұлды болдым. Ұлым 1 жасқа келгенде әпкем өзің жассың жұмыс жасайсың әжесіне апарып бер деп бергізді. Мен ақымақ кейін барсам енем жолатпады үйлеріне солай туған баламды көре алмай іштей құса болдым.
Арада 4 жыл өткенде қайта тұрмыс құрдым. Қәзір 5 балам бар. Қанша балам болсада тұңғыш баланың орыны бөлек болады екен. Туған баламды көрмегелі 16 жыл өтті. Өзімде жұмыс жасап қатырмадым. Тек тұрмыста баламен отырған соң ба қатты ашуланшақ болып кеттім. Қыздарымды дым еркелете алмаймын. Әр түрлі боқтық сөздер айтып ұрысып тастаймын бірден. Мен неге сондай жаман ана болдым екен. Кейде өзім үйде айқайлап жылап аламын. Мүмкін ата-анамнан ерте қалғаннан ба? Шетелден туған анасын іздеп келді ғой өткенде көремізге. Соны көріп алаңсыз балам есіме түсіп жылап алдым. Баламыз екеуміз бір қалада тұрамыз. Ата -ананың қателігіне баланың кінәсі жоқ деп ойлаймын. Өмір дым қызық болмай кетті. Бәрін тастап кетіп қалғым келеді. Бірақ қыздарымды ұлдарымды қимаймын. Мен көрген қиындықты жетімдікті көреді ғой деп. Ойым шашырап кетті. Маған қандай ақыл кеңес айтасыздар.
Жаңа 16 жыл көрмедім деген балам іздеп келсе не айтамын солда мазалайды. Үлкен қызым 12 жаста оған айттым солай балам бар деп. Ол дұрыс ба бұрыс ба білмедім. Жасым 37 де. Туған бауырларым бар шүкір бірақ дым ауызбіршілігімізде жоқ. Қарашаңырақ қаңырап бос қалды. Екі ағам екеуіде Астанада тұрады. Біреуі жұмыс жасайды. Отбасы баласы бар. Бірақ квартирада. Ал екінші бауырым бойдақ әлі. Жасы 35 те. Үш апкем тұрмыста өздерімен өздері. Кейде ойлаймын мүмкін әке шешем аруағы разы емес шығар бізге деп. Алаңсыз басымыз бірікпейді туған бауыр деген аты ғана. Бауырларым бар болсын,аман болсын деп тілеймін болды.
Ләззат Ракишеваға келген хаттардан