Жігітім баланы алдыртып таста деп 65 мың теңге берді

Oinet.kz 11-01-2023 674

Жасым 18-де. Менің отбасымда 5 ұл 1 қыз. Бәрі ойлайды "сенің ағаларың бар внимание көп бөледі, әкеңде көп еркелетеді" деп. Бірақ ЖОҚ МҮЛДЕМ ОЛАЙ ЕМЕС.

Screenshot_1.jpg

Сыртқа білдіргім келмейді. Мен кішкентай кезімде, яғни шамамен 10-11 жасымда өзімнің әкемнің інісі ойына келген жасаған болатын. Иә бұл біртүрлі естілетін шығар. Бірақ бұл рас, мен 9-10 жасымнан бастап мені құшақтаған кезде сипалап отыратын. Мен оны түсінбейтінмін. Кейін уақыт өте келе түсіндім. Сол үшін де ерте бойжеттім. Балалығыммен ерте қоштастым. 

Мен ол кісіден қашқақтап жүретінмін. Ол әлі үйленбеген еді. Біздің үйде тұратын. Бір күні үйде сол кісімен қалым қойдым. Мен мектепте болғанда әке-шешелерім кетіп қалған екен. Мектептен келсем ағам ғана, қатты қорықтым. Ол кезде телефонымда жоқ. Мектеп формамды ауыстырып болғаным сол еді, ағам бөлмеге кіріп келді. Денем дір ете қалды. Жақындап келіп құшақтап алды. Шығуға ұмтылып жатырмын. Бірақ күшім жетер емес. Айқайладым да, шыңғырдым да, ұрдым, тістедім, бірақ ол өз қалағанын істеп жатты. 

"Үйде ешкімге айтпа айтсаң өлтірем" деп қорқытты. Бірақ "бәрібір мен айтсам сенбейді" деп ойладым. Содан қыздығымнан ерте айырылдым ешкімге айталмадым. Мені әр көрген сайын жаныма келіп сипалап өтеді. Ол кісі үйге келеді десе қатты қорқам. 

Содан мен 17 жасымда бір жігітпен таныстым. Ол жігітпен бәрі жақсы болатын. Жүріп жүрдік, бірақ осыдан 2 ай бұрын онымен болып қойдым. Білмеймін, неге екен, барлық жігіттен қашқақтап жаныма жолатпайтынмын. Оны жақсы көргендіктен бе, ақымақтықпен болып қойдық. Кейін жүрек айну болды қорықтым тест алып көрдім. Сөйтсем көтеріп қойыппын. Онын алдында ғана ол жігітпен қатты ұрсып айырлысып кеткен болатынбыз!

Көтеріп қойғанымды білгесін оған өзім жаздым. Ол менің өткенімді бетіме басумен болды. Бала шынымен менен бе, сен басқамен де болған шығарсың деген әңгімені көп айтты. Тіпті сол үшін ұрсып қалып жүрдік, арамыз қатты суып кетті.

Ақыры жағдайды анасы мен әпкесіне айтыпты. Мен оның отбасымен танысып қойған едім, олардың бетіне қарауға қатты ұялдым. Ақыры келіспей ұрсып "бала менен емес, алдырып таста, керек емессіңдер" деп тастап кетті. Абортқа ақша салып жіберіпті. 65 мың теңге. Мен қатты ашуландым, қиналдым. Бірақ баланы алуға көп ойландым. Сосын менде клиника тауып баланы түсіріп тастадым. Тек ішім емес, бүкіл жан-дүнием бос кеуек болып қалды. Өлгім келеді. Шынымды айтсам өз-өзімді төмендетіп жеп біттім.

Ләззат Ракишеваға келген хаттардан

Беймаза енем әбден қажытып жіберді
Туған баламды көрмегелі 16 жыл болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу