Ажырасқан әйел болғаным үшін әркімге көзтүрткі болдым...

Oinet.kz 10-01-2023 799

Менің айтқым келгені ажырасқанмын. Жасым жиырма жетіде. Ажырасқалы ер адамға жолаған емеспін. Әйтседе менің жұмысымда әйел адамдардан ер адамдар көп. Балам бар. Күйеуің жоқ болса әркімге көз түрткі болады екенсің.

Screenshot_27.jpg

”Қалай шыдап жүрсің?” деп көңілін білдіріп жүргендер көп. Бірақ, қазақи тәрбие алғандығым бар, мұндай тірлікке өлтірсе де бара алмайтын сияқтымын. Ар-ұят деген дегенді анамыз бала жастан санамызға құйып тастағаны сонша,сол шеңберден аттап кету мен үшін үлкен күнә.

Рас кей кезде әйелдік әлсіздік болады, сөз салғандарға жылы қабақ танытып, еріксіз жымиятын сәттерім. Бірақ, өзімді тез қолға аламын. Жаспын. Ар атты биіктен құлдырай алмаймын. Сұрайын дегенім ұзақ уақыт төсек қатынасында болмасаң ауру болып қаласың дегенді оқыдым. Сол қаншалықты шындық? Басынан өткендер болса ой қосыңыздаршы, құрбылар, әпкелер, сіңлілерім.

El24.kz

Әкесі балдақты адам болған соң бала-шағасы лақтырып кетті
Мені есейтіп көрсететін киімдердің бәрі әкеме ұнайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу