Мені есейтіп көрсететін киімдердің бәрі әкеме ұнайды

Oinet.kz 01-01-2024 2392

Қыз сыны байқауына ұзақ дайындалдым. Ол кезде не бәрі 11 жаста ғана едім .Анам да жанын салды. Ол байқауда мені қолдаймын деп уәде берді. Үйде сөздерімді қайталап жаттығатынмын. Әдемі көйлегімді киіп дайындалдым. Әлгі көйлекті әкемнің көзінше кимеуге тырысатынмын.

Screenshot_21.jpg

Бірақ ол менің сондай әдемі көйлек кигенімді, боянғанымды, шаш тарағанымды қалап тұратын. Мені есейіп көрсететін киімдердің бәрі әкеме ұнайтын. Бір күні бөлмемде сабақ қарап отырғанмын. Сіңлім бөлмеге жүгіріп келді де, әкемнің мені шақырып жатқанын айтты. Мен оның не айтатынын бірден сездім. Сіңліме:

– Басы ауырып жатыр, – деп айтшы деп өтініш айттым. Сіңлім қайта жүгіріп кетті. Көп ұзаған жоқ, қайтадан келіп: – «Байқауға киетін көйлегін киіп, тез келсін!» деп айтты деп келді. Егер мен әкемнің айтқанын тыңдамасам, ашуына тиіп, оның зардабын анамыздан бастап бәріміздің тартатынымызды жақсы білетінмін. Сондықтан көйлегімді киіп, шашымды сәндеп, әке-шешем шай ішіп отырған бөлмеге бардым. Анам орнынан атып тұрып, «менің сұлу қызым» деп мені құшақтап, маңдайымнан сүйді. Ол көйлегімді түзеп, әкеме қайдан, қашан алғанын айтып жатыр. Сол сәтте көзім әкеме түсіп кетті. Ол маған сол ерекше тамсанатын оңашада қарайтын көзбен қарап отыр екен. Оның көздері қуланып, мені көзімен ішіп-жеп бара жатыр.

– Әдемі, жақсы жарасады, – деп мақтап қойды. Маған жақсы көйлек таңдап алып бергеніне, әкемнен мақтау естігеніне анам мәз.

– Аяғына не киеді? – деді бір кезде әкем. Анам жылдам барып менің топылайымды әкеп берді. Әкем:

– Бұл болмайды, жаңа аяқкиім алып беру керек.

Анам: – Ертең барып, өзіне қалағанын алып берейін, – деді. – Жоқ, – деді әкем. – Мына көйлекке сай аяқкиім алу керек. Қазір өзім барып алып беремін. Мен төбемнен жай түскендей қорқып кеттім. Анам қуанып кетті:

– Жақсы, қазір киіне қояйық,–деді.

– Саған не бар? – деді әкем. – Балаларға қарап үйде отыр, одан да мына Жансаяның көйлегін салып бер. Қазір аяқкиімін көйлегіне сай таңдап, киіп тұрып алады. Мен ішімнен бәрін сезіп тұрдым. Бар айтқаным:

– Басым ауырып тұр, бармай-ақ қояйыншы, – дедім. Әкем қабағын шытты. Анам әкемнің қабағынан әбден жасқанып қалған.

– Қызым, әкең өзім барып алып беремін деп тұрғанда барып ала ғой,–деді

Анамның дауыс дірілінен оның «Қызым, әкең үйде ұрыс шығармай тұрғанда барып келе қойшы» дегендей шарасыздығы сезілді. Шіркін, сол сәтте «Анашым, әкем мені базарға алып бармайды. Ол мені басқа жерге апарады. Сен мені жіберме!» деп айтқым келетін. Бірақ анамның маған әжем секілді көмектесе алмайтынын сезгенде үндемей көйлегімді қолыма алып кете бердім. Біз сол күні базарға барған жоқпыз. Тағы сол баяғы қараңғы үй. Келе сала әкем бір жұмысқа келгендей:

– Қызым, бүгін жылдамырақ қимылдайық. Базарға барып, саған аяқкиім алу керек, – деді. «Жылдамырақ» дегені мені жиіркендіріп тұр. Әдеттегіше жылы сөздерінің бәрін менен аямай, үстімдегі киімімді шешіп, әлгі қыз сынына киетін көйлегімді өзі кигізді. Сөйтіп мені айналдырып олай жүргізді, былай жүргізді. Мақтады, қандай сұлу екенімді айтты. Өзі шашымды жинады, қайта жайып қойды. Көзімен ішіп-жеп барады. Бір кезде көйлегімнің сыртынан денемді сипалады.

– Көйлегің әдемі, ал сен бұл көйлектен де әдемісің! Сөйтіп ол тағы да өзінің арам пиғылын іске асырды.

Әдеттегідей қараңғы үйдің ішінде мені өзі шомылдырды. Қайтар жолда асығыс базарға кірдік. Шетте тұрған бір аяқкиімді әкем асығыс киіп көруімді сұрады. Аяғыма дәл келді. Саудаласпастан алып кеттік. Мен бір нәрсені біліп келе жаттым. Бірақ үндеген жоқпын. Біз әлгі қараңғы үйде менің көйлегімді ұмытып кеткен едік. Үйге келгенде анам алдымыздан жүгіріп шықты.

– Алдыңдар ма? Ұзақ кідірдіңдер ғой, – деді ол. Мен туфлиімді анамның қолына бердім. Ол қорапты ашып, маған бір, әкеме бір қарады. – Мына аяқкиім тура өзіңдікіне ұқсас қой. Көйлегіңе де сәйкес келмейді. Айтпақшы, көйлегің қайда? – деді. Жатын бөлмеге кіріп бара жатқан әкем жалт бұрылды. Ол анамның жанына жүгіріп келді де, жұдырығымен басынан салып қалды. Анамның басындағы орамалы ұшып кетті. Анамның шашын уыстап ұстаған күйі өзіне қаратып алды да:

– Осы сен неге тіміскілейсің де жүресің? Не білгің келеді, айтшы?! Көйлекті базарда ұмытып кеттік. Ертең алдыртамын. Аяқкиім ескісіне ұқсаса, бұл – жаңа. Болды ма? – деп тістеніп, шашын уыстап жұлған күйі екінші жұдырығын анамның бетіне тақады. Анамның көздеріндегі үрейді көргенде қорқып, бөлмеме жүгіріп кеттім.

Ляззат Ракишева Instagram парақшасынан

Ажырасқан әйел болғаным үшін әркімге көзтүрткі болдым...
Мен әкемді ешқашан кешіре алмайтын шығармын..
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу