Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің үлкен әпкем бар. Ол кісі қазір эпилепсия ауруымен 20 жылдан астам уақыт күресіп келеді. Бір басымыз қосылғанда оңаша отырып балалық шағындағы болған жайтты баяндап берген болатын.
Кішкене кезінде 4 сынып оқып жүрген уақытында зорланған екен. Ең сорақысы зорлаған адам өз жақынымыз болып шықты. Әкемнің туған інісі. Әпкеме қиянат жасап қыздық пердесіне тиісіпті. Ол оқиғаны осы уақытқа дейін жасырып келіпті. Әке-шешеміз ешкім білмейді.
Ол кісімен жайбарақат үйдегілер араласып жүр. Ал мен сол сәттен бастап ол адамды жек көріп кеттім. Қалайша ондай азғындыққа баруға болады! Енді осы жайтты білгеннен соң түн ұйқым төртке бөлініп, жатсам-тұрсам соны ойлап мазасыз болдым. Не істеймін қайтпек керек?!
Әке шешеме айта алмаймын жасы келіп қалған кісілер , денсаулықтары көтермей қалама деп қорқам. Әпкем ешкім ге айтпауымды өтінді Аллаһ жазасын береді дейді. Сол зорлықтан кейін әпкемде эпилепсия ауруы басталды.
Ләззат Акишеваға келген хаттардан