Кішкентай сіңлім үйге бүкірейіп кіріп күнұзақ жатып қалатын

Oinet.kz 03-01-2023 2332

Мен кішкентай ғана ауылда туып өскен қызбын. Балалық шағым алаңсыз өтті. Үйде анам ғана жұмыс жасайты. Әкем бірде кіріп бірде шығып жүретін жұмыстан. 

5cf43c79a1e130a266c5f171f308e549.jpg

Ішеді, сол үшін жұмыстан шығып кете береді. Әкемнің қолынан келмейтіні жоқ. Ағаштан сандық, есік, стол жасау келетін. Машинаны да жақсы жөндейді механикағада жақын сварка бәрін жасайды. Адамдарға көмектеседі де жүреді. Ақкөңіл тек ішуін қоймайды. Адамдар пайдаланып алып қолына арағын беріп қоя беретін. Анам ұрсып ұрсып шаршайтын. Кішкентай кезімде анамды бір рет құманмен ұрып талдырған. Анам үшін қатты қорқып жүретінмін. Ажыраспақшы болып кетіп қалатын медпунктте тығылып отыратынбыз. Анам сол медпунктте жұмыс жасады меңгерушісі де болды. Ауылда жалғыз өзі әйел босандыратын. Өзі акушер өзі педиатр болды. Кейін жастар келіп анамның қолы бірақ босадығой. Анам кетем дегенімен әкемді аяп қайтып келетін. Әкем содан соң анамды ұрмады. Негізі анам жақсы төбелесетін оқуда үйренгенмін дейтін. Әкем сөйлесе қорғай білетін өзім. Әкем қол көтерсе ұратын. Әкем қорқады ұрмайды боқтап боқтап әндетіп жата береді. Үйде балалармен өзіміз қалатынбыз әкем ішіп алып әндетіп жата береді. 

Әкемнен зиян жоқ бізді еркелетін қыздарым деп отыратын. Інімді жігіт қылып тәрбиелеймін деп төбелес үйретемін деп соның діңкесін құртатын. Жылап сықтап журетін. Ер жігіт болып өскесін әкем оған ештеңе істей алмайтын болды ұрып соғып (қатты емес бірақ бала болғасын жылайд). Өтті кеткен өмір жасым 13-14 жас арасында болуы керек сол кезден бастап менде бір оқиға өмірімді күрт өзгертті. Үйге сіңілім келетін белі ауырып бүк түсіп жатып қалатын. Неге екенін түсінбейтінмін. Анам жұмыстан қол тимейді әкем ішіп ауыл ауыл аралап үйге келіп ес білмей құлайтын. Сондай уақытта сіңілімді әкемнін туған інісі тиісіп журген екен. Оны маған 2018 жылы жылап айтқан сіңілім.

Момын үндемейтін қыз еді. Сырттан үйге келсе бүк түсіп жататын бір емес бірнеше рет болыпты. Сөйтіп жүргенде ағам сіңілімді шақытыпты бір інімді(папам інісінің баласы сіңіліммен жасты) ертіп алыпты қой іздеп келеміз деп қояды. Сіңілім бас жуып жатыр бармаймын деді. Ағам ұрсып қайтадан шақыртыпты мен барамын дедім. Сен неғып журсің анау қайда деп қояды. Бас жуып жатыр бармайды дедім. Жур онда деді де мотоциклге мінгізіп алды мен алдындп інім артында отырды. Інімді түсіріп кетті ана жақты қара деп. Мені алып кетті. Сөйтіп бір жерге алып келді. Жерге киімін жайып жат деді мен жатырмын бірде бетімді жапты қарама деп. Қатты қорқып кеттім. Бұтымды шешіп бірдеңе тигізі бастады қорқып тыпырлап жылайын деп жатырмын ол қорқып кеттіма білмеймін тұрғызып киіндірді. Мүшесін тек тигізіп үйкеледі. Ешкімге айтпа айтсаң өлтірем деді. Жолдан інімді ала кетті. 

Іздеген қойы жоқ. Содан кейін қарғыс тілеп өл өл деп жылап журдім. Қорқып үреймен журдім итак өзім қорқақ қыз едім. Мектепте досым жоқ сабақ үлгерімім нашар ең кішкентай әлсізі болдым. Балалар мені көп мазақ қылатын. Тақта сүрткен тряпкамен сабайтын сулап алып. Ешкім ойнамайтын. Артымда отыратын бала ақ кофтамды ручкамен сызып сумкамды тебетін. Мені жек көретіндей бәрі мұғалімдерде нөлсің адам болмайсың дейтін. Жазуым нашар. Қолымнан ештеңе келмейді. Епсізбін бірдеңе істесем бүлдіретінмін. Үй шаруасына жоқпын. Бірақ маған әдемі деп бәрі қызығатын қалың шашыма ұзын кірпіктеріме. Меннен кейінгі сіңілім бәрі келеді қолынан достары көп. Момын болсада жалпы біздің үйдің балалары момын ұлыда қызыда. Әкем жуас соған тартақанбыз ау деймін. Айтайын дегенім туысқада сенім жоқ ешкімге сенбеу керек екен. Тұрмысқа шықсам қызыммен ашық сөйлесемін деп өзіме уәде бердім. Ешкіммен салыстырмаймын. Анам мені сіңіліммен сыныптастарыммен салыстыратын. Еті тірі олардың сен болсаң боссың ертең қалай өмір суреді екенсің деп. Туыстарымда мені іздемейді жақсы көреміз дейді бірақ мені менсінбейді. Нағашы жеңешелерімде апаларымда қолынан дым келмейді деп келемеш қылатын. Өзіммен туыс қатар қызбен оқуға түстім 9 бітіріп. Мамандығымыз бухгальтер неге түсіргенімін білмеймін есепуе нольмін.

Сол үйдеде әрең бітіріп шықтып ұрыс керісіп сыймай сол үйдің қыздарымен. Құда балдардың жаман ойынан қорқып журетінмін. Агенттен жазып жаман нәрселер айтатын. Ауылға демалысқа пойызбен баратынмын. Пойызда да жаман ойлы жігіттер. Үкен бір кісі аяғымды сипап өткенде қорқып ұйықтамай отыратынмын. Нағашы ағам проводник соның жанында отырып алтынмын. Өте жақсы адам ағам. Жиен деп төбесіне көтеретін. үйіне барсам қуантып тәттілерін алып беріп жүретін жиендер келді деп жақсы адамым. Алла ағама риза болсын соның пойызына билет алатынмын. Ал сіңілім екеуімізге тиіскен ағам (әкемнің інісі) ауырып әзер жур ап арық болып. Бізге істегендерінің жазасы шығар деп қоямыз сіңілім екеуміз. Ал құда балдар бірі ажырасып наркаман болып бірі ішіп қаңғып әйтеуір өмірлері өмір емес. Сіңілімде менде тұрмыс құрдық. Бақыттымын шүкір Аллаға. Бірақ мені адамдар неге жек көреді менсінбейді деп өзіме сұрақ қоятынмын. Келген жерімдеде солай. Бірақ жолдасыммен бақыттымын. 

Сіңілімнен сұрадым күйеуіңе айттың ба деп.Себебі оны зорлады. Жоқ деді күйеубалаға түсіндіріп айтыпты. Ол сен кінәлі емессің. Сенің сол ағаңа бармаймын араласпаймын депті. Күйеубала жақсы бірақ сіңілім бір балалы болғанда өз өзіне қол салып қайтыс болды. Себебін білмейміз. Тағдыр сіңілімді аямады кіттай кезінен ауырып жүретін. Бірақ оны бәрі жақсы көреді. Достары көп қолынан бәрі келеді. Ендігі өміріміз бір Аллаға аян. Ішімдегіні айтып жеңілдеп қалдым. Ағам әзер жүр айтпадық сіңілім екеуміз аяп кейде ұрсып алғымыз келетін. Бәрі тыныш өмір сүріп жатыр. Ескі жараны тырнамаймыз деп шештік.

«Шыдасаңызшы, еркек емессіз бе?»
Мен ол пойызға мінгенде 17 жасар пәк қыз едім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу