«Басқа біреуден көтеріп қойған соң, баланы алып тастап жүр екен» дейді..

Oinet.kz 01-12-2023 2673

Менің жасым 22-де. Төрт жыл болды тұрмыстамын. Әльхамдуллилях! Бақыттымын. Бірақ та сол бақытымды жұрттың сөзі күннен-күнге жоғалтып жатыр. Қазір 3 жастан асқан қызым бар. 

Screenshot_10.jpg

Жолдасым - пысық, табысы жақсы, жағдайы бар. Енем жақсы адам болған. Бірақ ол кісіні де жұрттың сөзі бұзды. Ол кісі жолдасым мен қайынбикемді жалғыз өзі тәрбиелеген. Тұрмысқа шыққаннан кейін көз ұзамай көтердім. Қыз таптым. Одан кейін әлі балалы бола алмай жүрмін. Қанша қаласам да. Жұрт деген "бедеу болып қалды" деп біраз әңгіме шығарды. "Тағы тусай", "менің сенімен жасты келінім осынша бала туды" деген сөздерді естісем, жүрегім ауыратын. Қайынбикем болса, ол кісілерді орнына қойып отыратын. Енем жуас үндемейтін. Кейін күйеуім басқа қалаға жұмысқа көп шыға бастаған соң мен туралы түрлі әңгімелер шығарды. "Күйеуі жоқта әркіммен болады екен", "жеңілтек екен", "басқа біреуден көтеріп қойған соң, баланы алып тастап жүр екен", "күйеуінің жоқтығын пайдаланып жүр екен" деп түрлі әңгіме айтты. Өзім намаз оқып, оранамын. Үйден күйеуімнің рұқсатымен ғана шығамын. Енеме, қаййынбикеме бәрін айтып, ескертіп отырамын. Сонда да енем жұрттың сөзіне сеніп, мені қуып шықты. Қайынбикем қанша алып қалғысы келсе де, тыңдамады. Күйеуім де басында сол сөздерге сеніп, ауыр сөздер айтып, қол көтерді. Ақыр соңында қызымды алып кетіп қалдым. Ажырасуға өтініш бердім. Сол кезде бірақ күйеуім қайтып келіп. "Жұрт не десе о десін. Мен сені сүйем. Бәрібір алып қаламын. Маған жұрттың сөзі маңызды емес",- деді. Бірақ та оның қол көтергені, ауыр сөздер айтқаны, жазықсыз болсам да, жұрттың сөзіне сеніп, ауыр жала жапқаны жүрегіме қатты батты. Содан кейін онымен бірге қалғым келмеді. Тіпті екінші ре ткөтердім-ау дегенде, оны айтып үлгертпей, ұрып-соғым баламды түсіріп қойды. "Алимент төлемей-ақ қой. Екеуміз екі бөлек кетейік. Маған енді тыныштық берші. Қызыңды қалаған кезіңде келіп көріп тұр", - дедім. Бірақ ол келіспей отыр. Енді не істеймін?

Назира, Жамбыл облысы

Әйелім нағыз сұр жылан болып шықты
Сіңлім де шешем секілді жезөкшеге айналып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу