Тұрмысқа қыз болып шыққанымды дәлелдей алмай жатырмын..

Oinet.kz 26-11-2023 3010

Менің жасым 21-де. Үйдің кенже қызы болдым. Қаңтар айында жолдасым алып қашқан. Той айдың соңында болды. Менің мәселем. Қыз болып, арым таза болып күйеуге шықтым, бірақ қан ақпады. Қаңтар айының соңында көтердім. 

Screenshot_5.jpg

Күйеуім екі күннің бірінде сен бұрында жатқансың, сен жезөкшесің дейді. Сен өтірік айтасын деп, неше түрлі лас сөздермен балағаттайды.Түсіндіріп айттым, жылап та айттым. Түн жамылып тұрып, қолыма нан ұстап айттым, бәібір сенбейді, тек Алла тағала және мен білем қандай болғанымды деп қоямын.

Қазір шешеме дейін боқтап, туған бауырларымды да кінәсіз туысқандарымды да балағаттайды. Қол көтеретін болды. Айтып жүрмін гинекологқа барып сұра, барлық әйелдерде қан болмауы мүмкін, әр түрлі себеппен деп, ол бірақ сенбейді. Басқа қалай сендіртетінімді білмеймін.

Көп ашуланбайын дейсің, бірақ шыдамның да шегі бар, сөзімен жеп қояды, мен білем өйткені ол сөздерге мен лайық емеспін, өзімді қорғағым келеді, бірақ әлім келмейді. Мойнымнан қысады, қодарымды көгертіп қояды, ол да ауыртады. Өмір бойы олай жүргенін де қаламаймын, мамандардан сұра десем де, өзі барғысы келмейді, Кеше де ұрсысып қалдық, сөйлеспейді, жауап бермейді.

«Сен шындығынды айт» дейді, «сен қыз болып шыққан жоқсың ғой иә? Мен саған ренжімеймін» дейді айтсаң. Бірақ өтірік нәрсені неге мен иә, мен сондаймын деп айтуым керек. Ішімдегі баладан да күмәнданатын болған, бала керек емес деп те айтады, өле қал дейді. Мен басқа не істеймін, қайда барамын? Әке-шешеме бармаймын, олардың еңсесін, көңілін түсіргім келмейді. Өзім сабыр сақтап, қасына барам, құшақтап, оны да жаратпайды, баласын да аямайды.

Әке-шешемді көрген сайын ішімнен жылаймын, сағынып, құшақтап жылап алғым келеді, бірақ білдіртпей өзімді ұстап отырамын. Бұрында үйде жүріп, одан да әкемнің ішіп концерт қойғаны жақсы еді, бұндайды көріп, естігенше деп, ойлап едім, күйеуге шықсам, құдай онсызда 20 жыл бойы көрсетті ғой отбасыдағы жағдайды әке-шешемнің, енді бақытты қылар деп ойладым, бірақ қателесіппін...

Қашанғы бұлай жалғаса беретінін білмеймін, кейде кетіп қалғым келеді, бәрін тастап басқа қалаға болсын, бірақ күйеуім жібермейді. Одан сайын ауыртып қолын көтереді. Не істеуге болады, түсіндіріп жайлап сөйлесейік десем де сөйлеспейді.

Аноним,

Alashainasy.kz 

Педофил десе университетте сабақ берген профессор есіме түседі...
Амалсыз келін болған үйімнен бүкіл ауруды жұқтырып қайттым..
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу