Әйел күйеуінің көзіне шөп салғанын үйіндегі тотықұстың көмегімен анықтаған

Oinet.kz 01-05-2023 7094

Вьетнам тұрғыны күйеуінің көзіне шөп салғанын тотықұстың көмегімен анықтады. Белгілі болғандай құс жыныстық қатынас кезінде айтқан сөздерді жаттап алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі The Thaiger басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_18.jpg

Әйел күйеуімен бірге жиһаз өндіретін бизнеске иелік еткен. Мол табыс табатын күйеуі бос уақытында шатырда өсімдік өсірумен немесе тотықұсына қарапайым сөздерді үйретумен шұғылданатын көрінеді. Ал әйелі бос уақыты көп болуы үшін үйге қызметкер де жалдаған. Таныстарының ұсынысымен бұл қызметке өзінен 10 жасқа үлкен әйелді қабылдапты. Сөзінше, үй қызметшісі өз міндетін керемет орындаған. 

Үй иесі қызметкерін тотықұс тұратын жеке бөлмеге орналастырған. Жарты жылдан кейін ол күйеуінің үй қызметкері келгенде ұялатынын байқапты. Ал әйел жұмысқа кеткенде, ол үй қызметшісімен кездеспеу үшін достарымен жолыққан немесе шатырда сүйікті ісімен айналысады екен. Дегенмен әйел күйеуі бейтаныс әйелден ұялып жүр деп ойлап, ештеңеден сезіктенбеген. 

Бірде жұмыстан ертерек оралған әйел есікті ашу үшін үй қызметшісін шақырыпты. Алайда жауап аламаған соң ол көмекшісіне қоңырау шалған. Үй қызметшісі киім іліп жатқанын айтып, кешірім сұраған. Үйге кірген соң күйеуінің қобалжып тұрғанын байқапты. Бірақ күйеуі көзіне шөп салмайды деп өзін сендіріп, мұны кездейсоқтыққа балаған. 

Бірнеше күн өткен әйел жуылған киімдерді ілуге шатырға шыққанда тотықұстың сексуалды сипаттағы сипаттағы сөздерді айтқанын естіген. Тек осыдан кейін әйел күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін біліпті. Анықталғандай тотықұс жыныстық қатынас кезінде айтылған сөздерді жаттап алған. 

Күйеуі мен үй қызметшісін ұстау үшін әйел жасырын камералар орнатқан. Бір аптадан кейін күдігі расталып, ажырасу үшін арыз түсірген. Әрі күйеуінің көзіне шөп салғанын растайтын жазбаны адвокатына берген екен.

Әйел баласына үш рет тұрмысқа шығуға бола ма?
Қызымды өгей әкесіне жақындатқым келмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу