Әйелі би үйден қыз алмау керек. Алса қайтарып жіберу керек

Oinet.kz 30-01-2022 6480

Киелі некесін бұзу мақсатымен сотқа жүгініп отырған жас-жұбайларды көрген сайын, есіме бір оқиға түсіп отырады. Сіздермен сол оқиғамен бөлісуді жөн көріп отырмын.

Screenshot_9.jpg

Жас келін кезім, ақ пен қараны ажыратып жүрген кез десе де болғандай.

Менімен бірге түскен көршіде де келін бар еді. Сөзіміз жарасып кетпесе де, сəлеміміз түзу болатын. Ата-енесі жəне атасының шешесі, яғни Үлкен енесі де бірге тұратын. Келіні үнемі атасын жақсы кісі деп мақтайтын.

Бір күні үйіне бара қалсам, ата-анасы келіп, кіріп жатыр екен. Құдалар ашулы, қызына араша түсуге келіпті... Құдағи (келіннің анасы) келгеннен ашулана сөйледі:

- Енесі күн көрсетпейді екен! Барлық тірлігіне араласып, ақыл айтқыш көрінеді. Әр ісінен мін тауып, баласына айдап салатынға ұқсайды!

- Ал құдамызға əңгіме жоқ, жақсы кісі. Ақкөңіл жан екен, - деп құдасын мақтап қойды келіннің әкесі.

Бағанадан үнсіз тыңдаған Үлкен əже:

- Сіздерді тыңдадық, ал енді мені тыңдаңыздар... Мақтап отырған құдаларың - ол менің ұлым. Кезінде ішті, шекті, ұрды, жанжалдың түрін көрсеткен... Соның барлық жаманын жасырып, жақсы кісі болуына мына сіздер жамандап отырған келінімнің үлесі зор! Мені ене деп сыйласа, ұлымды ерім деп сыйлады. Бір ауыз əй дескен жоқ бізбенен. Сондай əйел тірлігіне араласып, ақылын үйретсе, мына сіздердің қыздарыңыз жаман әйел болмас еді. Енеден жыю, ерінен тыю көрсе, ақылды ана болары сөзсіз. Аздаған қиыншылыққа шыдамаған, əрбір істі анасына əсерелеп айтқан қызға ақыл айтудың орнына, мəн-жайды анықтамай, босағама ашумен келіп отырсыздар. Әйелі би үйден қыз алма деуші еді, мен еркегі би үйден қыз алдым деп үміттенемін. Осы айтқаныма көнсеңіздер шəй ішіп, ет жеп қонағым болыңыздар, көнбесеңіздер қыздарыңыз əне,  ұстамаймын. Маған 25 жыл қызмет қылған келінімді жамандауға құқыларың жоқ, кеше келіп, "төр менікі" деген қыздарыңыз адам болсын десеңіздер, осы әйелге тапсырыңыздар. Ада болсын десеңіздер, батамды берем жолы болсын! - деп сөзін аяқтады.

Үнсіздіктен соң шəйға бата жасалып, құда мен құдағи үйден шыққанша асықты. Қызы мен əйеліне бір ауыз сөз сөйлетпей ізіне қайтты.

Анасын сабаған жігіт ит өліммен өлді
Келініне күң болған қарт ене
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу