Күйеуімнен ақша сұрасам қайыршы сияқтысың дейді

Oinet.kz 13-01-2023 1655

Сіздерге ішкі сырымды айтпасам қиналып кеттім. Тұрмысқа шыққаныма 3 жыл болды. Ата-енеммен бірге тұрамыз. Бір қызым бар, екіншісіне аяғым ауыр. Қазір декреттік демалыстамын, осыған дейін жұмыс істеп келдім.

Screenshot_10.jpg

Жұмыс істеп жүргенде айлығымды енеме әкеліп береітнмін, өзіме жолға, тамаққа ақша алып қалатын едім. Енем алған ақшасына үйге тамақ алады бір айға. Жұмыс істеп жүргенде, өзіме керектіні өз ақшама алатынмын, күйеуімнен ешқашан ақша сұрап көрмедім. Күйеуім мен енем менің айлығымды қалтамдағы тиыныма дейін санайды, қайда жұмсадың, не істедің деп. Енді жұмыссыз отырған соң ақша жоқ, роддомға керек заттар алуға ақша сұрасам, сенің ақшаң қайда? Қайыршы құсап ақша сұрадың дейді. Ақша тауып, бала-шағасын асырау еркектің міндеті емес пе? Үйге бірдеңе алса, балаға бірдеңе алса үнемі міндетсініп отырады, мен алдым менің ақшама алдың деп. Сен де қашан ақша болушы еді, сен қайыршысың дейді. Ондай адамға не істеуге болады? Неге ондай ол?

Жетімдер үйінде бірге өскен құрбымның тағдыры алаңдатады
Жеңгем әжемнің жағасынан алып, әкемнің басына сорпа төге салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу