Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Түркияның Айдын провинциясында ер адам үйлену тойынан кейін қалыңдығының әйел емес екенін білді. Яғни, ақ көйлек кигізіп үйленген жұбайы еркек болып шыққан, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Нaberturk"-ке сілтеме жасап.
Күйеу жігіттің туыстары қатысқан үйлену тойында неке қию рәсімі болған жоқ, өйткені күйеу жігіт бұрынғы әйелімен ресми түрде ажыраспаған. Сондықтан олар той кезінде қалыңдықтың құжатын көрмеген.
Тойдан кейін араларында түсініспеушілік болып, «ерлі-зайыптылар» полицияға шағынданған. Сол полиция бөлімшесінде ер азамат «әйелінің» еркек екенін біліп, абдырап қалған.
Үйлену тойынан кейін олар өздерінің әлеуметтік желілердегі ортақ аккаунттарында үйлену тойының суреттері мен бейнелерімен бөліскен.